Басты бетке қайту

«Балапан» телеарнасы


«Балапан» телеарнасының логотипі
Дереккөз: «Энциклопедия телеистории» сайты

«Балапан» телеарнасы — Қазақстан тарихындағы жас телекөрермендер мен олардың ата-аналарына арналған қазақ тіліндегі тұңғыш балалар арнасы. Ол хабарын 2010 жылғы 27 қыркүйекте тарата бастады және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылды.

Телеарнаның мақсаты — балаларға рухани және интеллектуалдық тәрбие беру, ғылым мен білімге деген қызығушылығын ояту, келешек ұрпақтың бойына мәдениеттілік, даналық, еңбекқорлық пен ізгі қасиеттерді сіңіру.

Арна 0-ден 12 жасқа дейінгі балалар аудиториясына арналған. Телеарна танымдық, спорттық, ойын-сауық, анимациялық және интеллектуалдық бағдарламаларды көрсетеді.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап арнаның атауы латын әліпбиімен жазыла бастады.

 

Дереккөздер:

Balapan телеарнасының ресми сайты

Казахстанская правда

mangystautv.kz

caravan.kz

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу