Басты бетке қайту

KARLSKRONA LC AB


KARLSKRONA LC AB зауытының логотипі
Дереккөз: KARLSKRONA LC AB зауытының ресми сайты

KARLSKRONA LC AB — Шымкент қаласындағы сорғы, электротехникалық жабдықтар, құйма өнімдері мен құбыр желісі арматурасын шығаруға маманданған машина жасау зауыты. Компания өнімді әзірлеу, өндіру, сату, монтаждау және сервистік қызмет көрсетумен айналысады, сондай-ақ жобалаудан бастап сынақтан өткізу мен сүйемелдеуге дейінгі толық өндірістік циклге ие.

Кәсіпорын тарихы ресми түрде 2003 жылғы 12 қарашадан бастау алады. Бастапқыда компания сумен жабдықтау және су бұру саласындағы сорғы және электротехникалық жабдықтарға қызмет көрсететін сервистік ұйым ретінде құрылды, кейіннен біртіндеп толық циклді өндірістік зауытқа айналды. Компания атауы өзінің инженерлік дәстүрлерімен және машина жасаудағы жоғары дәлдігімен танымал швед қаласы Карлскрунаның құрметіне қойылған.

2008 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта кәсіпорын өндірістік қуатын жүйелі түрде арттырды: электр беру желісіне қосылған техникалық зертхана құрылды (2008), ұңғымалық сорғылар шығаратын цех іске қосылды (2010), алғашқы станоктарын сатып алып, сорғы бөлшектерін шығаруды бастады (2011). Германияның Oddesse компаниясымен бірлескен кәсіпорын ұйымдастырып, неміс технологиясы бойынша батырмалы өнеркәсіптік сорғылар өндірісін игерді (2012–2013). 2014 жылы электротехникалық жабдықтар шығаратын цех пайдалануға берілсе, кейіннен металды механикалық өңдеу цехы, консольді сорғылар мен тиекті-реттегіш арматураға арналған бояу және сынақ стенділері цехі салынды (2015).

Зауыт мемлекеттік индустрияландыру бағдарламаларына белсене қатысты. Мәселен, 2016 жылы іске қосылған құйма өндірісі 2015–2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша қаржыландырылды. Құйма өндірісі өнімдегі жергілікті қамту үлесін (нысаналы деңгей 90–100%) күрт арттыруға және кәсіпорынды ТМД мен алыс шетел нарықтарында бәсекелестік деңгейге шығаруға мүмкіндік берді. 2019 жылы келісімшартқа қол қойылып, атом электр станцияларына арналған технологиялық күрделі жабдықтарды өндіру жұмыстары басталды.

2025 жылы «Алтын сапа» президенттік сыйлығының қорытындысы бойынша KARLSKRONA LC AB зауыты «Үздік индустриялық жоба» номинациясында жеңімпаз деп танылды. Бұл марапат кәсіпорын ұжымының жоғары кәсіби біліктілігінің дәлелі ғана емес, сонымен қатар отандық технологиялық шешімдердің жоғары бәсекеге қабілеттілігін айғақтайтын маңызды белес болды.

 

Дереккөздкр:

KARLSKRONA LC AB зауытының ресми сайты

«Алтын сапа» сыйлығының сайты

kazpravda.kz

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу