Басты бетке қайту

Е.Т. Гайдар атындағы экономикалық саясат институты


Е.Т. Гайдар атындағы экономикалық саясат институтының (Гайдар институты) логотипі
Дереккөз: Е.Т. Гайдар атындағы экономикалық саясат институтының сайты

Е.Т. Гайдар атындағы экономикалық саясат институты (Гайдар институты) — экономика ғылымдары саласындағы ресейлік ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік орталығы.

Экономикалық саясат институты 1990 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының (қазір — Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы) ректоры Абел Аганбегянның бастамасымен құрылды. Аганбегян институттың негізін қалап, оны басқаруды жас экономист, экономика ғылымдарының докторы Егор Гайдарға ұсынды. Институт қызметкерлерінің алғашқы ұжымын Гайдар жасақтаған болатын.


Егор Гайдар
Дереккөз: .Т. Гайдар атындағы экономикалық саясат институты

1991 жылы Егор Гайдар Ресей үкіметінің (ол кездегі РКФСР – Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы) құрамына еніп, ауқымды экономикалық реформалар жүргізе бастады. Кейіннен «Радикалды экономикалық реформалар бағдарламасы» немесе «Гайдар бағдарламасы» деп аталған құжаттар дәл осы Экономикалық саясат институтында әзірленген болатын.

Бастапқыда Экономикалық саясат институты Халық шаруашылығы академиясы мен Ғылым академиясына бағынышты болды. Алайда 1992 жылы Егор Гайдардың бастамасымен ол дербес мекемеге айналып, Өтпелі кезеңдегі экономикалық мәселелер институты (ӨКЭМИ) болып өзгертілді. Кейіннен институт атауы тағы бірнеше рет ауысты. 1999 жылы Өтпелі кезең экономикасы институты (ӨКЭИ) болса, 2010 жылы Гайдар қайтыс болғаннан кейін Е.Т. Гайдар атындағы экономикалық саясат институты (Гайдар институты) деген атауға ие болды.

Қазіргі уақытта Гайдар институты жүзге жуық ғылыми қызметкер жұмыс істейтін ірі ғылыми орталық болып саналады.

Институтта ғылыми қызмет мынадай үш бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Макроэкономика және қаржы;
  • Нақты сектор;
  • Саяси экономия және институционалдық даму.

 

Дереккөздер:

Гайдар институтының сайты 

«Вестник Европы» журналы, №55, 2021 жыл

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу