
INPEX Corporate логотипі
Дереккөз: INPEX Corporate сайты
INPEX Corporation — 1966 жылдың ақпанында North Sumatra Offshore Petroleum Exploration Co., Ltd. атымен негізі қаланған жапондық мұнай компаниясы. 1977 жылы компания өз атауын Indonesia Petroleum, Ltd. деп өзгертті.
2006 жылы INPEX Corporation мен Teikoku Oil Company бірігіп, INPEX Holdings, Inc. бірлескен компаниясын құрды. Кейінірек, 2008 жылы INPEX, Teikoku Oil және INPEX Holdings компанияларының қосылуы нәтижесінде біртұтас INPEX Corporation құрылды.
INPEX — әлемнің 20 елінде барлау, игеру және өндіру бойынша жаһандық жобаларды жүзеге асыратын Жапониядағы мұнай мен газды барлау және өндіру саласындағы ең ірі компания. Штаб-пәтері Токио қаласында орналасқан.
INPEX компаниясы INPEX North Caspian Sea, Ltd. (INCS) арқылы Қазақстанның мұнай-газ саласына белсенді қатысады. 1998 жылдан бастап INCS Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (СКӨБК) аясында Қашаған және басқа да кен орындарын игеруге қатысып келеді. Компания жобаға инвестиция салып, мұнай өндіру технологиялары, құбырларды жобалау және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, INPEX Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларына (SIP) өз үлесін қосуда.
Дереккөзер:
Inpex корпорациясының ресми сайты
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу