«Жезқазғантүстімет» АҚ — Қазақстанның Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында орналасқан, 1997 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясының құрамына кіретін тау-кен металлургия кәсіпорны.
Кәсіпорын тарихы 1847 жылы ресми түрде тіркелген Жезқазған мыс кен орнымен тығыз байланысты. Мұндағы ауқымды өнеркәсіптік өндіріс сәл кешірек басталды: 1913 жылы алғашқы ірі тау-кен жұмыстары іске қосылды, ал 1958 жылы КСРО Түсті металлургия министрлігінің бұйрығымен аймақтағы барлық түсті металлургия кәсіпорындарын біріктірген Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты (ЖТМК) құрылды. 1964 жылғы наурызда комбинатқа қазақстандық ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың есімі берілді.
1987 жылы кәсіпорын «Жезқазғантүстімет» ғылыми-өндірістік бірлестігі болып қайта құрылды. КСРО ыдырап, нарықтық экономикаға көшкеннен кейін ол акционерлік қоғамға («Жезқазғантүстімет» АҚ) айналды. 1995 жылы компанияны басқару бес жылға оңтүстіккореялық «Samsung C&T Deutschland GmbH» корпорациясына берілді. 1997 жылы «Жезқазғантүстімет» негізінде «Қазақмыс» корпорациясы құрылды. 2013 жылы комбинат жаңғырту (модернизация) жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылды. 2024 жылғы қарашада «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы — «Жезқазғантүстімет» ӨБ — көрнекті ғалым әрі Қазақстан геология ғылымының негізін салушының құрметіне ресми түрде Қ. И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ болып өзгертілді.
«Жезқазғантүстіметтің» негізгі өнімі — тазалығы 99,99 % құрайтын катодты мыс. Сонымен қатар, мұнда мыс сымдары (катанка), алтын, күміс, қорғасын шаңы мен рений өндіріледі. Комбинат өнімдері Жапония, Қытай, Швеция, Голландия, Түркия және ТМД елдеріне экспортталады.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу