Дөң тау-кен байыту комбинаты (ДТКБК) — хром кенін өндіру және өңдеу бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Комбинат 1938 жылы 1937 жылы ашылған Оңтүстік Кемпірсай хромит кен орындарының негізінде құрылған.
Дөң ТКБК құрамында 28 құрылымдық бөлімше бар, қызметкерлер саны 8000-нан асады. Негізгі өндіріс бес бөлімшеге шоғырланған: Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахта, «Молодежная», «Болашақ» шахталары, «Донской» кеніші, кенді байыту және түйіршіктеу фабрикасы және №1 ұсақтау-байыту фабрикасы.
Дөң ТКБК игеріп жатқан негізгі кен орнындағы хром кені шоғырларының ұзындығы шамамен 22 км, ені 7 км құрайды. Бұл кен орны кен қоры бойынша әлемде екінші орын алады. ДТКБК-да өндірілген кеннің басым бөлігі Ақсу мен Ақтөбедегі ферроқорытпа зауыттарына жеткізіледі.
Дөң ТКБК — «Eurasian Resources Group» (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу