Басты бетке қайту

«Ана тілі» газеті


«Ана тілі» газетінің логотипі
Дереккөз: «Ана тілі» газетінің сайты

«Ана тілі» газеті — Қазақстанда қазақ тілінде шығатын апталық басылым.

Алғашқы саны 1990 жылғы 22 наурызда Алматы қаласында республикалық «Қазақ тілі» қоғамының өлкетану және тіл білімі жөніндегі апталығы ретінде жарық көрді. Газеттің бастауында Шерхан Мұртаза және Жарылқап Бейсенбайұлы сияқты көрнекті қоғам қайраткерлері мен қаламгерлер тұрды.

«Ана тілі» газеті — мемлекеттік тілдің мүддесін қорғайтын негізгі басылым. Ол тіл саясаты, әдебиеттану, этнография және рухани жаңғыру мәселелерін қамтиды.

Ұлт мүддесін ту еткен газеттің таралымы 90-шы жылдары 100 мың данадан асты. Бүгінде газеттің 26 000-ға жуық оқырманы бар, ол А2 форматындағы 12 беттен тұрады және төрт түсті бояумен басылып шығады.

2005 жылы «Ана тілі» газеті Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді, сондай-ақ бірнеше мәрте Ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, түрлі байқаулардың арнайы дипломдарымен және бас жүлделерімен марапатталды.

 

Дереккөздер:

«Ана тілі» газетінің ресми сайты

Википедия 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу