Басты бетке қайту

Бритиш газ (ағылшынша British Gas)


«Бритиш Газ» компаниясының логотипі
Дереккөз: Википедия

Бритиш газ (ағылш. British Gas) – мұнай мен табиғи газды барлаумен, өндірумен және тасымалдаумен айналысатын трансұлттық компания.

Компания өз бастауын 1812 жылдан, әлемдегі алғашқы қоғамдық коммуналдық компания Gas Light and Coke Company негізі қаланған кезден алады. 1948 жылы Ұлыбританиядағы газ саласы мемлекет меншігіне алынып (национализацияланып), компания өңірлік газ кеңестері жүйесіне енгізілді. 1972 жылы бұл кеңестер British Gas Corporation мемлекеттік компаниясына айналды. 1986 жылғы жекешелендіру British Gas plc компаниясының құрылуына алып келді. 1997 жылы компания екі дербес құрылымға бөлінді: кейіннен «Бритиш Газ Интернейшнл» (British Gas International) ретінде танылған «БиДжи» (BG) және Centrica. 2016 жылы BG компаниясын Royal Dutch Shell өзіне қосып алды.

Бүгінгі таңда British Gas жеке компания ретінде жұмыс жасамайды. Бұл сауда белгісі Ұлыбританияның энергетика нарығында жұмыс істейтін Centrica бөлімшелерін атау үшін қолданыла береді.

1997 жылы «Бритиш Газ Интернейшнл» мен Қазақстан үкіметі арасында 1979 жылы ашылған Қарашығанақ кешенін игеру туралы шартқа қол қойылды. «Бритиш Газ Интернейшнл» Каспий құбыр желісі консорциумының мүшесі болды.

 

Дереккөздер:

tengrinews.kz 

britishgas.co.uk

Википедия

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу