Ресей Федерациясының қаржы-өнеркәсіптік топтар қауымдастығы — 1990-жылдары Ресейде экономикалық қызметті үйлестіру үшін кәсіпорындар мен банктердің басын біріктірген ұйым. Ресейдің Қаржы-өнеркәсіптік топтар қауымдастығы 1996 жылы 24 қаңтарда Мәскеудегі «Арбат» қонақ үйінде өткен құрылтай конференциясында құрылды. Оның құрамына үкіметте ресми тіркелген қаржы-өнеркәсіптік топтар да, сондай-ақ кейбір ресейлік банктер құрған бейресми топтар да кірді. Құрылтай конференциясында Қауымдастықтың тұңғыш төрағасы болып кеңестік, қазақстандық және ресейлік мемлекеттік қайраткер Олег Сосковец сайланды.
Қаржы-өнеркәсіптік топтар қауымдастығын құру идеясын сол тұстағы Ресей Федерациясының Президенті Борис Ельцин қолдады. Оның негізгі мақсаттары: өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, экономиканы реформалауда қаржы-өнеркәсіптік топтардың ортақ ұстанымдарын әзірлеу және билік органдарында қауымдастық мүшелерінің мүдделерін ілгерілету.
Дереккөздер:
«Коммерсантъ» газетінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы №9 санының 2-беті
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу