Амоко компаниясы — Америка Құрама Штаттарындағы мұнай өнімдерін өндіруші және сатушы ең ірі компаниялардың бірі болған бұрынғы америкалық мұнай компаниясы. 1985 жылға дейін Standard Oil Company (Indiana) деп аталды.
Standard Oil (Индиана) компаниясы 1889 жылы Standard Oil тресі тарапынан АҚШ-тың Орта Батыс штаттарында мұнай өңдеу мен сатуды басқару үшін құрылды. Компанияның Индиана штатындағы Уайтинг қаласына жақын жерде орналасқан алғашқы мұнай өңдеу зауыты мазут, керосин және басқа да мұнай өнімдерін шығарды.
1911 жылы АҚШ Жоғарғы Соты жалпыұлттық Standard Oil тресін таратқаннан кейін, штаб-пәтері Чикагода орналасқан Standard Oil (Индиана) компаниясы тәуелсіз құрылымға айналды. 1930 жылы Standard Oil компаниясы Sinclair құбыржолы мен мұнай өндіру компаниясын сатып алды, ал Техастағы мұнай кен орындарын иеленуі оған сол онжылдықтағы американдық ең ірі мұнай компанияларының біріне айналуына көмектесті. 1950-жылдары Standard Oil (Индиана) Оңтүстік Америка мен Таяу Шығыста мұнай барлау және өндіру жұмыстарымен белсенді айналыса бастады.
1961 жылы компанияның АҚШ-тағы қызметінің негізгі бөлігі American Oil Company-ге біріктірілді, ол үшін Standard Oil (Indiana) холдингтік компания рөлін атқарды. Amoco атауы сауда белгісі және корпоративтік атау ретінде жиі қолданыла бастады, ал 1985 жылы Standard Oil Company (Indiana) ресми түрде Amoco Corporation болып өзгертілді.
1998 жылы британдық British Petroleum мұнай компаниясы Amoco-ны 43,2 миллиард долларға сатып алды. Бұл бірігу нәтижесінде құрылған ортақ компания әлемдік мұнай өнеркәсібінің көшбасшыларының қатарына енді. 2000 жылдан бастап, BP Amoco құрылымы BP PLC болып қайта өзгертілгеннен кейін, жанармай құю бекеттеріндегі Amoco бренді BP брендімен алмастырылды.

АЗС Amoko
Источник: Википедия
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу