Алматы - Астана автожолы — Қазақстанның оңтүстік және орталық аймақтарын байланыстыратын республикалық маңызы бар магистраль. Ол «Орталық - Оңтүстік» стратегиялық көлік дәлізінің құрамдас бір бөлігі және Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы өтеді. Трассаны кейде қысқартып «Орталық — Оңтүстік» дәлізі деп те атайды.

Алматы-Астана автожолы
Дереккөз: avtodispetcher.ru сайты
Автжол құрылысының жұмыстары 2019 жылы қолданыстағы маршрутты ауқымды реконструкциялау аясында басталды. Негізгі мақсат — жолды қарсы ағындарды бөлетін тосқауылдық қоршаулары бар IБ техникалық санатты төрт жолақты магистральға айналдыру.
Автожол төрт негізгі учаскеден тұрады: Қарағанды - Балқаш, Балқаш - Бурылбайтал, Бурылбайтал - Күрті және Шамалған стансасын айналып өту жолы. Барлық учаскелердің жалпы ұзындығы — 946 шақырым.
Автожолдың іске қосылуымен Алматы мен Астана арасындағы көлікпен жүру уақыты 15–17 сағаттан 10–11 сағатқа дейін қысқарды. Трассада қозғалыс қауіпсіздігін арттыратын тосқауылдық қоршаулар, жарық шағылыстыруға қарсы экрандар, қардан қорғайтын қоршаулар және басқа да элементтер орнатылған.
Трасса ірі қалалар мен аймақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның көлік жүйесінде шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ ол халықаралық көлік дәліздерінің құрамына кіреді.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу