Басты бетке қайту

Samsung


Samsung Group компаниясының логотипі
Дереккөз: Samsung Group компаниясының сайты

Samsung Group («Самсунг Груп») — 1938 жылы негізі қаланған оңтүстіккореялық компаниялар тобы (чеболь), әлемдегі ең ірі конгломераттардың бірі.

Бастапқыда компания азық-түлік саудасымен (кептірілген балық, күріш, кеспе, ұн) айналысып, кейінірек Қытай мен Маньчжурияға экспорт шығара бастады. 1947 жылы компанияның негізін қалаушы Ли Бён Чхоль Сеулде кеңсе ашып, қант өнеркәсібіндегі жобаны іске қосты. Корей соғысынан кейін (1950–1953 жылдар) компания елді индустрияландыру процесіне белсене қатысты.

Маңызды кезең ретінде 1969 жылы жапондық Sanyo компаниясымен бірлесіп Samsung Electronics бөлімшесінің құрылуын айтуға болады. Бастапқыда ол ақ-қара түсті теледидарлар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, кейінірек түрлі-түсті теледидарлар, қысқа толқынды пештер мен кондиционерлер шығарды. 1990-жылдары компания ұялы телефондар мен компьютерлер нарығына шықты.

Бүгінде Samsung — микросхемалар, тұрмыстық техника және смартфондар шығаратын әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі.

1995 жылы Қазақстан үкіметі «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігін бес жыл мерзімге Samsung-тың неміс бөлімшесі — Samsung Deutschland GmbH басқаруына берді. 1996 жылы кәсіпорын басқарушы компания алдындағы берешегіне байланысты банкрот деп танылды. Нәтижесінде «Жезқазғантүстімет» акцияларының 40%-ы Samsung Deutschland GmbH-қа сатылды. ҚР Үкіметінің бұл шешімі КСРО ыдырағаннан кейін мүшкіл халде қалған комбинаттарды аяғынан тұрғызу үшін инвесторларды, инвестицияларды және озық шетелдік тәжірибені тарту мақсатында қабылданды. Сол сәттен бастап бес жыл бойы «Жезқазғантүстімет» АҚ Samsung корпорациясының басқаруында болды. Осы мерзім аяқталғаннан кейін акцияларды қазақстандық инвесторлар сатып алды.

 

Дереккөздер:

Samsung компаниясының ресми сайты

КазТАГ

РБК.Тренды

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу