Басты бетке қайту

Eurasian Resources Group (ERG)

Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдік жетекші әрі барынша әртараптандырылған компаниялардың бірі. Сондай-ақ, компанияның толық интеграцияланған энергетикалық, көліктік және маркетингтік бөлімшелері бар. Топтың құрылған жылы 1994 жыл болып саналады, ал 2006 жылы холдинг құрылып, басқару жүйесіне қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Топ өз бизнесін Азия, Еуропа, Африка және Америка құрлықтарында жүргізеді және өз өнімдерін әлемнің 40-тан астам еліне жеткізеді. 67 мың қызметкері бар ERG сала бойынша ірі жұмыс берушілердің қатарына кіреді. ERG-дің негізгі акционері (40%) — Қазақстан Республикасының Үкіметі. Компанияның бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.

ERG — феррохром мен кобальт өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі және әлемдік нарыққа мыс жеткізуші ірі кәсіпорын. Еуразия өңірінде ERG темір кені мен глинозем (топырақ) нарықтарында да көшбасшы орындарға ие. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий шығаратын жалғыз өндіруші компания.

Қазақстанда Топтың «Қазхром» ТҰК, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ), «Қазақстан Алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» (ЕЭК) және т.б. маңызды кәсіпорындары орналасқан. ERG, сонымен қатар, Орталық Азиядағы электр энергиясын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі теміржол операторы болып табылады.

Ал Африкада, Конго Демократиялық Республикасында, Frontier — ERG-дің мыс өндіретін басты зауыты, ал Metalkol — Топтың бұрыннан жинақталған өндіріс қалдықтарын (хвосты) қайта өңдейтін ең ірі кәсіпорны бар. Ол кобальт өндіру бойынша әлемдегі негізгі өндірушілердің біріне және мыстың ірі өндірушісіне айналды. Сондай-ақ, Топ континенттегі жеткізу тізбегін өзінің мамандандырылған Sabot логистикалық компаниясы арқылы бақылайды.

Бразилияда ERG-дің интеграцияланған BAMIN жобасына Pedra de Ferro кенішіндегі жоғары сұрыпты темір кенін өндіру кешені, Porto Sul терең сулы теңіз порты және жаңа FIOL трансконтиненталдық теміржолының учаскесі кіреді.

 

Дереккөздер:

ERG компаниясының сайты

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу