
«Неделя» апталығының логотипі
Дереккөз: Википедия
«Неделя» апталығы — 1960 жылдың наурыз айында негізі қаланған, «Известия» газетінің жексенбілік суретті қосымшасы ретінде жарық көрген апталық газет. Басылымның негізін қалаушы әрі алғашқы бас редакторы сол кездегі КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы болған Никита Хрущевтің күйеу баласы Алексей Аджубей болды.
«Хрущев жылымығы» кезеңінде ашылған «Неделя» тез арада оқырмандардың сүйіспеншілігі мен ілтипатына бөленді. Газет таралымы 2 миллион данаға жетіп, әлемнің 93 еліне таралды. Дегенмен, оны сатып алу оңай болған жоқ. «Неделяға» жазылу мүмкіндігі болмады, ол тек газет дүңгіршектері желісі арқылы бөлшек саудада ғана сатылатын.
Апталықта әдеби шығармалардан үзінділер, ғарыш туралы ғылыми-көпшілік мақалалар, КСРО-ның танымал тұлғалары туралы жазбалар жарияланып, мәдениет жаңалықтары мен қоғамдық-саяси өмір тынысы баяндалып тұрды. «Неделяның» ең танымал айдарлары — «3-беттің қонақтары» (кеңестік «жұлдыздар» мен танымал тұлғалармен сұхбаттар) және «Тұтынушылар клубы» (тауар тапшылығы мен сапасы туралы мақалалар, аспаздық рецепттер мен үй шаруасына қатысты кеңестер) болды.
Газет 40 жылға жуық уақыт бойы, 1999 жылдың желтоқсанына дейін дербес басылым ретінде шығып тұрды. 2006 жылдың қаңтарында «Неделя» қайта жаңғыртылып, 2012 жылға дейін жұма күнгі қосымша ретінде жарық көрді.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу