
«Постфактум» ақпарат агенттігінің логотипі
Дереккөз: Википедия
«Постфактум» ақпарат агенттігі — 1989–1996 жылдары Мәскеуде жұмыс істеген КСРО-дағы алғашқы жекеменшік ақпараттық агенттік.
Агенттік 1987 жылдың соңында ашылған, негізі журналистер Владимир Яковлев пен Глеб Павловский құрған «Факт» анықтамалық-ақпараттық қызметінің базасында 1989 жылдың наурызында қаланды. Ол жедел саяси және экономикалық жаңалықтарға, анықтамалық мәліметтерге, бизнеске арналған апталық талдау бюллетеньдерін шығаруға (ньюслеттерлерге) маманданды, ал 1990 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты жаңалықтар таспасын шығара бастады. Агенттік 1989 жылдың мамырында КСРО Халық депутаттарының I съезінде көпшілікке танымал болды.
Ақпарат агенттігі күнделікті режимде саяси және экономикалық жаңалықтар жиынтығын, анықтамалық мәліметтерді жариялап отырды. Бұған қоса, апта сайын КСРО-да енді қалыптасып келе жатқан бизнес үшін жедел талдаулар мен жартылай жабық құжаттамалары бар «Постфактум» бюллетеньдері шығып тұрды.
1989 жылдың күз айларынан бастап «Постфактум» агенттігі аймақтарда өз тілшілер қосынын жасақтауға кірісті. Дамудың шырқау шегінде бұл желі 100-ден астам меншікті тілшінің басын біріктірді. Ал 1990 жылдың қаңтарында жаңалықтар таспасын тұрақты режімде шығару процесі толық іске қосылды.
1992 жылдың күзінен бастап агенттік Ресей аймақтары мен ТМД елдеріндегі оқиғаларды әр жарты сағат сайынғы жиынтықтар режимінде тәулік бойы жариялауға көшті. Күн сайын жазылушылар 150-ге дейін ақпараттық хабарлама, ал күніне екі рет экономикалық мәліметтер алып тұрды.
Агенттік өнімдерін жазылушыларға тарату бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен жасалған шарттар бойынша телетайптар мен факстар арқылы, ал мұндай мүмкіндігі жоқтар үшін пакеттерге салынған басып шығарылған материалдарды курьерлік жеткізу арқылы ұйымдастырылды.
1994 жылға қарай қаржылық қиындықтарға байланысты агенттік қызметінің негізгі бөлігі тоқтатылып, ол 1996 жылға қарай жұмысын біржола тоқтатты.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу