
«Независимая газета» газетінің логотипі
Дереккөз: «Независимая газета» басылымының сайты
«Независимая газета» — 1990 жылғы тамызда Мәскеу қалалық кеңесі тарапынан құрылып, алғашқы саны 1990 жылғы 21 желтоқсанда жарық көрген ресейлік қоғамдық-саяси басылым. Газеттің бас редакторлығына журналист әрі саясаттанушы Виталий Третьяков тағайындалды. Ол рухы жағынан француздық «Le Monde» және британдық «The Independent» басылымдарына ұқсас газет жасауға ұмтылған жас әрі принципшіл журналистер тобын жинады. Алғашқы саны 150 мың дана таралыммен басылды, сондай-ақ Еуропада тарату үшін француз тілінде қосымша тегін таралым шығарылды.
Газет атауы оның басты қағидасын — билік пен оппозициядан тәуелсіздігін, редакцияның жеке ұстанымын таңбай, қоғамдық-саяси және экономикалық тақырыптарды объективті әрі жан-жақты жариялауды білдіреді. Газеттің ұраны — «Sine ira et studio» («Ызасыз және ешкімге бүйрегі бұрмай»), бұл оның бейтараптылық пен шынайылыққа ұмтылысын айқындайды.
Басылым елдегі ең маңызды оқиғаларды, соның ішінде 1990-жылдардағы шешуші кезеңдерді, қайта құру дәуірін, КСРО-ның ыдырауын және жаңа Ресейдің қалыптасуын жан-жақты қамтыды.
Газет бүгінгі таңда да өз жұмысын баспа түрінде және электронды форматта жалғастырып келеді. Ол өзінің бастапқы тұжырымдамасына адал болып, салмақты сараптамалық алаң ретінде сақтап қалды. Газеттің сегіз тақырыптық қосымшасы бар, соның ішінде «НГ Ex Libris» кітап шолуы және діни жаңалықтарға арналған «НГ-религии» басылымы бар. Еркін баспасөзді дамытуға қосқан үлесі үшін «Независимая газета» мен оның ұжымы бірнеше рет кәсіби танымалдылыққа ие болды. Басылымның марапаттары арасында Ресей Журналистер одағының беделді сыйлығы, «Ресейдің алтын қауырсыны», сондай-ақ «Шығыс Еуропаның үздік басылымы» ретінде берілген халықаралық World Press Review сыйлығы бар.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу