Басты бетке қайту

Николай Головацкий (1912–1996)


Николай Головацкий
Дереккөз: Википедия

Николай Никитич Головацкий 1912 жылы 5 наурызда Ресей империясының Волынь губерниясы, Житомир қаласында (қазіргі Украинаның Житомир облысы) дүниеге келген.

1938–1943 жылдары Қазақ КСР-і Талдықорған облысы (қазіргі Қазақстанның Жетісу облысы) Панфилов ауданындағы «Красный Восток» ұжымшарының төрағасы, кейін 1943–1950 жылдары қосалқы шаруашылықтың директоры болды. 1950 жылдан 1992 жылға дейін Талдықорған облысындағы «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарын табан аудармай басқарды. Бұл шаруашылық республикадағы және бүкіл Кеңес Одағындағы ең тиімді кәсіпорындардың біріне айналды.

Николай Головацкий ауыл шаруашылығы дақылдарын, соның ішінде жүгері өсірудің бірегей әдістерін енгізді. Осының негізінде Панфилов қаласында (қазіргі Жаркент) бүкіл Қазақстанды және көршілес республикаларды тұқыммен қамтамасыз ететін жүгері өңдеу зауыты салынды. Оның басшылығындағы шаруашылық қаржылық табысы, өндіріс көлемі және жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімін шығару бойынша алдына жан салмады. 1971 жылы ұжымшар Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі (ХШЖК) Бүкілодақтық құрмет тақтасына және республиканың «Алтын кітабына» енді.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) мүшесі, партияның ХХІІ съезінің делегаты және әртүрлі кезеңдерде КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Ауыл шаруашылығындағы ерен жетістіктері үшін екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1966, 1985) атағына, ал 1973 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген шаруашылық қызметкері атағына ие болды. Алты Ленин орденімен, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

«Жылға татитын күн» (орысша атауы: «День, равный году») кітабының авторы.

1996 жылы 21 наурызда өмірден озды.

 

Дереккөздер:

Википедия

Қазақстан халқы ассамблеясының ресми сайты

Ел батырлары

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу