Басты бетке қайту

Foreign Policy журналы


Foreign Policy журналының логотипі
Дереккөз: Foreign Policy журналының сайты

Foreign Policy («Сыртқы саясат») журналы — жаһандық саясатқа, экономикаға және халықаралық қатынастарға арналған беделді америкалық басылым.

Журналдың негізін 1970 жылы Гарвард университетінің профессоры Сэмюэль Хантингтон мен дипломат Уоррен Демьян Маншел қалаған. Бастапқыда журнал тоқсанына бір рет шығатын салмақты академиялық басылым ретінде құрылды. Оның мақсаты Вьетнам соғысы қызып тұрған тұста Вашингтонның саяси элитасы арасында қалыптасқан көзқарастарға қарсы шығып, АҚШ-тың сыртқы саясатына баламалы әрі сыни көзқарас ұсыну болды.

Оқырмандардың назарын аудару үшін журналдың алғашқы арт-директоры Сэмюэл Антупит ерекше қаріп түрін қолданып, мұқабадағы логотиптің түсін үнемі өзгертіп отырған. Foreign Policy стилі өзге саяси журналдардың арасында тартымды тақырыптарымен, креативті форматтарымен және карикатураларымен ерекшеленді.

Ричард Никсонның президенттігі кезінде журнал «Никсонның үлгерім табелін» жариялап тұрды. Бұл рейтингте сол кездегі АҚШ президентіне КСРО-мен қарым-қатынас, қару-жарақты бақылау, сауда және Таяу Шығыс сияқты «пәндер» бойынша мектептегідей бағалар қойылды.

Журнал тек сарапшыларға арналған тар шеңберлі басылымнан білімді қауымға қолжетімді ықпалды жаһандық медиаға дейінгі жолдан өтті. Уақыт өте келе ол екі айда бір рет шығатын жылтыр мұқабалы басылымға айналды, ал бүгінде баспа нұсқасын сақтай отырып, негізінен цифрлық форматта жұмыс істейді. Foreign Policy өзінің терең талдауларымен, журналистік зерттеулерімен және әлемнің жетекші саясаткерлері, экономистері мен ойшылдарының мақалаларын жариялауымен танымал. Басылым тек жаңалықтарды хабарлап қана қоймай, күрделі әлемдік процестер мен олардың салдарын түсіндіруге тырысады.

Foreign Policy көптеген марапаттарға ие болып, кеңінен танылды. Ол Американың журнал индустриясындағы ең беделді марапат саналатын Ұлттық журнал сыйлығының (National Magazine Award) бірнеше дүркін лауреаты атанды.

 

Дереккөздер:

Foreign Policy журналының сайты

Ресейлік үлкен энциклопедия  

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу