
Die Zeit газетінің логотипі
Дереккөз: Die Zeit газетінің сайты
Die Zeit («Цайт», неміс тілінен аударғанда «Уақыт») газеті — Германияның ең танымал әрі ықпалды апталық газеттерінің бірі, 1946 жылдан бері Гамбургте басылып шығады. Ол 1996 жылдан бастап «Georg von Holtzbrinck» баспа тобына кіретін «Zeit-Verlag Gerd Bucerius GmbH & Co. KG» компаниясына тиесілі.
Жедел жаңалықтарға назар аударатын күнделікті газеттерден айырмашылығы, Die Zeit өз оқырмандарына өткен аптадағы оқиғаларға терең талдау, ауқымды мақалалар, эсселер мен түсініктемелер ұсынады. Оның негізгі міндеті — фактіні хабарлап қана қоймай, оның себептерін, мән-жайын және ықтимал салдарларын түсіндіру. Басылым журналистиканың жоғары сапасымен, салмақты көзқарасымен және материалдарының интеллектуалдық тереңдігімен танымал.
Die Zeit газетінің жаңа саны әр бейсенбі сайын шығады. Бүгінде Гамбургте орналасқан редакцияның бүкіл әлем бойынша: Швейцарияның Баден қаласында, Берлин, Брюссель, Дрезден, Майндағы Франкфурт, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж, Стамбул, Вашингтон және Вена қалаларында өз тілшілер қосындары бар. Сондай-ақ, газеттің арнайы тілшілері Нью-Дели, Бейжің, Тель-Авив, Лондон және Рим қалаларында қызмет етеді. Апталық 500 мың дана таралыммен шығады. Газеттің веб-сайты — Германиядағы ең көп қаралатын ақпараттық сайттардың бірі. 2012 жылы газеттің бүкіл архиві цифрлық форматқа көшірілді.
Дереккөздер:
Die Zeit газетінің ресми сайты
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу