Басты бетке қайту

The Washington Post газеті


The Washington Post газетінің логотипі
Дереккөз: The Washington Post газетінің ресми сайты

«The Washington Post» («Вашингтон пост») газеті — АҚШ-тағы ең ірі әрі ықпалды күнделікті шығатын газеттердің бірі, ел астанасы Вашингтон қаласында басылып шығады.

«The Washington Post» газетінің негізін 1877 жылы 6 желтоқсанда журналист Стилсон Хатчинс АҚШ Демократиялық партиясының басылымы ретінде қалаған. Газет 4 беттен тұрды, құны 3 цент болды және 10 мың дана таралыммен шықты. 1880 жылы жексенбілік санын қосып, аптасына 7 күн шығатын алғашқы қалалық газетке айналды.

Газет өзінің журналистік зерттеулерінің нәтижесінде әлемдік деңгейде танымал болды, олардың ішіндегі ең әйгілісі — 1970-жылдардың басындағы Уотергейт жанжалы. Журналистер Боб Вудворд пен Карл Бернстайнның зерттеуі Президент Ричард Никсонның отставкаға кетуіне әкелді және газеттің демократия сақшысы ретіндегі беделін нығайтты. Бұл мәртебені басылым 2017 жылы қабылданған «Демократия қараңғылықта өледі» (Democracy Dies in Darkness) деген әйгілі ұраны арқылы айқындай түседі.

«The Washington Post» қызметкерлері 1917 жылы Пулитцер сыйлығы тағайындалғаннан бері оның 70-тен астам марапатына ие болды, соның ішінде қоғамға қызмет еткені үшін берілетін алты алтын медаль бар (соңғысы — 2022 жылы).

 

Дереккөздер:

The Washington Post газетінің ресми сайты

The Washington Post газетінің сайты

Ресейлік үлкен энциклопедия

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу