Басты бетке қайту

Василий Акулинцев (1916–1993)


Василий Акулинцев
Дереккөз: Люди 

Василий Кузьмич Акулинцев 1916 жылы 21 наурызда Дерябкино ауылында (қазіргі Ресейдің Воронеж облысындағы ауыл) шаруа отбасында дүниеге келген. 

Магнитогорск тау-кен металлургия институтын (1941) және жоғары партия мектебін (1947) бітірген, Челябинск облысында, содан кейін Украинада, Түркіменстанда партиялық, кәсіподақ және шаруашылық жұмыстарына қатысқан. 
60-жылдары - КОКП ОК Орталық Азия бюросы төрағасының орынбасары, содан кейін-КОКП ОК инспекторы (Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті, партия съездері арасындағы жоғары партиялық орган).
1968-1979 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1979-1980 жылдары Қарағандыкөмір комбинатының көмір өнеркәсібі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, кейін КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің кадрлар бөлімінде жұмыс істеді.

1971-1981 жылдары - КОКП ОК мүшесі.

1993 жылы қайтыс болды, Мәскеуде Троекуров зиратында жерленді.

Дереккөздер: 
Люди 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу