Басты бетке қайту

Қанат Бозымбаев (1969 жылы туған)


Қанат Бозымбаев
Дереккөз: Википедия

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (қазіргі — Нархоз университеті) «экономист» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын «Эдем лтд» ЖШС коммерциялық ұйымында экономист болып бастаған.

1994–1997 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істейді.

1997 жылы — сауда-өндірістік бірлестіктің экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің бастығы болды.

1997–1998 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясында жиынтық-қаржы департаментінің бастығы және экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент қызметтерін атқарды.

1998–2000 жылдары Энергетика министрлігінің Мұнай және газ департаментінің директоры, ал 2000 жылдың наурыз-желтоқсан аралығында осы ведомствоның вице-министрі болды.

2001–2009 жылдары — «KEGOC» ААҚ-ның бірінші вице-президенті, кейіннен президенті, басқарма төрағасы (2008–2009). 2007–2008 жылдары — «Самрук» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ басқарма төрағасы.

Облыс әкімі лауазымында: Жамбыл облысы (2009–2013), кейін Павлодар облысы (2013–2016).

2016–2019 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, 2019–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды.

2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың маусымына дейін Алматы облысын басқарды.

2024 жылдың наурыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

 

Дереккөздер:

Википедия

Online.zakon.kz

Tengrinews.kz

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу