Басты бетке қайту

Ғалым Байназаров (1944 жылы туған)


Ғалым Байназаров
Дереккөз: Online.zakon.kz

Ғалым Байназарұлы Байназаров 1944 жылы 17 қыркүйекте Қазақ КСР Торғай облысының Жангелдин ауданында (қазіргі – Қазақстанның Қостанай облысы) дүниеге келді. 1961 жылдан бастап еңбек жолын шопанның көмекшісі болып бастады. 1969 жылы Алматыдағы халық шаруашылығы институтын (қазіргі – Нархоз университеті) «экономист» мамандығы бойынша бітірді.

1969-1976 жылдар аралығында несие инспекторы, содан кейін Мемлекеттік банктің Торғай филиалының басқарушысы болып жұмыс істеді. 1976 жылдан 1985 жылға дейін Торғай облыстық мемлекеттік банк кеңсесінің Арқалық қалалық басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1985-1987 жылдары КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесі басқармасы бастығының орынбасары  одан әрі бастығы болып тағайындалды.

1987-1992 жылдары-Қазагроөнеркәсіп Банкі төрағасының бірінші орынбасары (Қазіргі – «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ). 1992 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма төрағасы болып сайланды. 1993 жылдың желтоқсанына дейін осы қызметте болды, ұлттық валюта – теңгені енгізу процесіне белсенді қатысты.

1994 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстан премьер-Министрінің кеңесшісі, ал 1995 жылдан 1996 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің кеңесшісі болып еңбек етті.

Кейінгі жылдары қаржы секторында басшылық қызметтер атқарды-«Қазпочтабанктегі» шетелдік инвестициялар департаментінің директоры, «АТРЕМ» қаржы-инвестициялық компаниясының бас директоры, Қазақстан сақтандырушылар Одағын басқарды (1998-2002), «Халық жинақтау қоры» ЖАҚ президенті болды (1999-2002). 2002 жылдан 2004 жылға дейін – екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының хатшылығының меңгерушісі (02.2005-09.2007

 

Дереккөздер:

Википедия

Online.zakon.kz

Академик

Centrasia.org

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу