
Виктор Поляков
Дереккөз: Википедия
Виктор Николаевич Поляков 1915 жылдың 3 наурызында Ресей империясының Томск қаласында дүниеге келді (қазіргі – Ресей Федерациясы). Еңбек жолын 1930 жылы слесарь шәкірті болып бастаған. 1938 жылы Мәскеу автомобиль-жол (қазіргі - Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті) институтын бітірді.
1938 жылдан 1946 жылға дейін Қызыл армияда әскери борышын атқарды, Ұлы Отан соғысына қатысып, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Соғыстан кейін ол Мәскеудегі шағын автомобильдер зауытында еңбек жолын бастады (қазіргі – «Москвич» зауыты), онда ол сынақ инженерінен зауыт директорына дейін (1958-1963) көтерілді. 1963 жылдан 1965 жылға дейін Мәскеу халық шаруашылығы Кеңесі төрағасының орынбасары, содан соң төрағасы болып еңбек етті.
1965 жылы - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) автомобиль өнеркәсібі министрінің орынбасары.
1966 жылдың тамызында ол 1975 жылға дейін басқарған Волга автомобиль зауытының (ВАЗ) бас директоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен зауыт салынды және әйгілі «Ниваны» қоса алғанда, ВАЗ маркалы жеңіл автомобильдер өндірісін игерді. 1971 жылы Виктор Поляковқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1975 жылдан 1986 жылға дейін КСРО автомобиль өнеркәсібі министрі қызметін атқарды. Бұл уақыт - кеңестік автомобиль жасаудың шыңы болып саналады: КСРО жыл сайын 1,3 миллионнан астам автомобиль шығаратын жеңіл автомобильдер жасап шығаруда әлемде алтыншы орынға ие болды.
1986-1992 жылдары министр қызметінен кеткеннен кейін ол автомобиль өнеркәсібі мен ВАЗ- бен байланысты әр түрлі бөлімшелердің сарапшысы, кеңесшісі және жетекшісі болып жұмыс істеді.
2004 жылы 1 маусымда қайтыс болды.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу