Басты бетке қайту

Низами Гәнжауи


Низами Гәнжауидің портреті, Әзірбайжан суретшісі Газанфар Халықов 1940 жылы салған
Дереккөз: Рувики 

Низами Гәнжауи (шын аты Әбу Мұхаммед Ілияс ибн Жүсіп) шамамен 1141 жылы Гәнжада Ильдегизидтер мемлекетінде  (қазіргі Әзірбайжан аумағы) дүниеге келген.

Ол жан-жақты білім алды, араб және парсы әдебиеті мен философиясын, сондай-ақ математиканы, астрономияны, тарихты және т.б. жақсы білді. Жас кезінде романтикалық өлеңдер жазды.

Өзінің эпикалық шығармаларында ол нәзік әдеби стильді халық ауыз әдебиетінің дәстүрлерімен біріктірді, аңыздар мен жазба тарихи шежірелердің сюжеттерін пайдаланды. Өз заманының поэзиясына терең психология мен драманы енгізді. Ортағасырлық шығыс әдебиетінің жалпы дамуына ықпалы зор.

Низами Гәнжауидің негізгі шығармалары - «Бес кітап» («Хамса») жалпы атауымен біріктірілген бес үлкен поэма. Оларға «Құпиялар қазынасы» (1173 мен 1180жж. арасы), «Хұсрау мен Шырын» (1181), «Ләйлі-Мәжнүн» (1188), «Жеті сұлу» (1197) және «Ескендірнама» (шамамен 1203) жатады.
Низами Гәнжауидің өмірі туралы сақталған мәлімет аз. Шығармашылық еркіндігін сақтау үшін оның сарай ақыны лауазымынан бас тартқаны белгілі. Үш рет үйленген. Оның бірінші әйелі - азат етілген түркі күңі Афак, оны ақын өзінің көптеген шығармаларында жырлаған. 

1209 жылы Гәнжада қайтыс болған. 

Низами кітаптарында мистика мен шындық астасып жатыр, оларды бір-бірінен ажырату кейде өте қиынға соғады. Ол сопылық теориясын жақтады, сондықтан тіпті романтикалық поэмаларында да әрқашан трагедиялық астар бар. Утопиялық қоғамды армандаған ақын оқырманды гуманизм мен жақсылыққа бағыттауға тырысты. Ақынды сандардың сиқыры ерекше күйге бөлеген, осы себепті де ол сандар ілімін зерттеуге көп уақытын бөлді. Әлемнің толық бейнесі - музыка мен геометрияның және арифметиканың қиюласуынан басқа ештеңе емес екенін атақты парсы әлденеше атап өтті.

1991 жылды ЮНЕСКО Низами жылы деп жариялады. Ақынның туғанына 850 жыл толуына орай Вашингтон, Лос-Анджелес, Лондон және Тебриз қалаларында халықаралық конгрестер өтті.

1940 жылы Газанфар Халықов Низами Гәнжауидің портретін салды, бұл портрет ақынның есімімен аталатын Әзірбайжан әдебиеті мұражайында сақтаулы. Сол жылы Мехти Гусейн "Низами" пьесасын жазып, Шығыстың ұлы шайырының бейнесін сомдады.


Дереккөздер:
LiveLib
Үлкен Ресей энциклопедиясы 
Ленинканың даму қоры 
Вологда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (ВОУНБ)  
Литрес. Низами Гянджеви
Биограф

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу