Басты бетке қайту

«Дударай» әні

«Дударай» - орыс қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсеннің махаббаты туралы әйгілі қазақ әні. Әнді XIX ғасырдың 70 – жылдарында Ақмола губерниясына келген орыс қоныс аударушыларының қызы Мария Рыкина (Мариям Жағорқызы) шығарған. Мария 1895 жылы Ақмола облысында дүниеге келді. Ол қазақ тілін жетік меңгеріп, бала кезінен домбырада шебер ойнаумен және айтыскер өнерімен танымал болған. Оған Мариям Жагорқызы («Мария, Егордың қызы») деген лақап ат берілді.

Әнді шығаруға қазақ жігіті Дүйсенді сүйген Мәриямның өзі себеп болды. Бірақ сол кездегі алалаушылық олардың бірге болуына жол бермеді: Дуйсеннің туыстары оның таңдауын құптамады, Марияның ата-анасы да қызының тұрмысқа шығуына қарсы болды. Аңыз бойынша, Мария үйінен  қашып кетеді, содан әйгілі  сағыныш әні, жылау әні «Дударай» дүниеге келеді (орыс тілінен аударғанда –  дудар- «бұйра» деген мағынаны білдіреді)– Мария өзінің Дуйсенін осылай атаған. Көп ұзамай Дүйсен Мариямның артынан  оны іздеуге аттанды, олар үшін жазық дала үйге айналады. Біраз уақыттан кейін туыстары ғашықтардың таңдауын қабылдады. Жастар үйлеріне оралып, үйлену тойы жасалды.

Мария шығарған ән халық арасында өте тез тарап кетті,  әр түрлі әртістердің көптеген нұсқаларына себебі тиді. 1920 жылы белгілі музыкант-этнограф Затаевич ел аузынан «Дударай» әнінің оннан астам нұсқасын жазып алған, ал 1925 жылы «Дударай» алғаш рет еуропалық сахнада шырқалды: оны Парижде «ЭКСПО-1925» көрмесінде атақты қазақ әншісі Әміре Қашаубаев орындады.

1950 жылы қазақстандық ақын және фольклортанушы Қалижан Бехкожин Марияның құрметіне 1953 жылы Евгений Брусиловскийдің «Дударай» операсының негізін қалайтын «Мариям Жагорқызы» поэмасын жазды. 1980 жылы Марияның жерлестері «Дударай» бірегей фольклорлық ансамблін құрды.

Ән қазақтың ғана емес, әлемдік мәдениеттің де қазынасына енді. «Дударай» әнін Роза Рымбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Димаш Құдайберген сияқты және де көптеген басқа да танымал әншілер өздерінің репертуарына қосты.

 

Мәтіні:

ДУДАРАЙ

Мариям Жагор деген орыс қызы,

Он алты, он жетiге келген кезi,

Қазаққа Дудар деген ғашық болып,

Сондағы Мәриямның айтқан сөзi!

Қайырмасы:

Дударари-дудым,

Бiр сен үшiн тудым!

Шiркiн-ай, Дудара-ри-дудым!

Дударай, ақ боз атты жемдедiң бе,

Жерiңе уағда айтқан келмедiң бе.

Жерiңе уағда айтқан келмей қалып,

Мәриям заты орыс деп сенбедiң бе?

Ащыкөл, Тұщыкөлдiң арасы бiр,

Басыңа кәмшат бөрiк жарасып жүр

Дударай, келер болсаң тезiрек кел,

Орныңа өңкей жаман таласып жүр.

Қайырмасы.

Қолында Мәриямның өткiр қайшы,

Қағазға Мәриям аты жазылсайшы.

Қор болып бiр жаманға кеткенiмше,

Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

Қайырмасы.

 

 

«Дударай». Роза Рымбаева орындайды

 

Дереккөздер

Қазақстан халқы Ассамблеясы  

E-history.kz

Zakon.kz

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу