Басты бетке қайту

Әлихан Бәйменов (1959 ж. туған)


Әлихан Бәйменов
Дереккөз: Википедия

Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов 1959 жылы 25 наурызда Қазақ КСР Қарағанды облысының Қарсақпай кентінде (қазіргі – Қазақстанның Ұлытау облысы) дүниеге келді. 1981 жылы Қарағанды политехникалық институтын (қазір – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті) автомобиль көлігінің инженер-механигі мамандығы бойынша бітірді. 1988 жылы диссертация қорғап, Мәскеу автомобиль-жол институтында (қазіргі – Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті) техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1989 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалында бастады, доцент және деканның орынбасары болып жұмыс істеді.

1990 жылдардың басында қоғамдық және саяси өмірге белсенді қатысты-«Ұлытау» экологиялық қозғалысын құрды, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының көшбасшыларының бірі, Жезқазған облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты және облыс басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін әртүрлі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде - еңбек Министрінің орынбасары, Қазақстан Президенті Әкімшілігі ьасшысының орынбасары, премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2000 жылдардың басынан бастап қазіргі билікке қарсы болды. 2001 жылы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесінің тең құрылтайшысы және мүшесі болып тағайындалды. 2004 жылдың қыркүйегінде парламенттік сайлауда «Ақ Жол» саяси партиясының партиялық тізімін басқарды, 2005 жылдан 2011 жылға дейін «Ақ Жол» партиясының төрағасы қызметін атқарды. 2005 жылы Қазақстан Президенттігіне кандидат болып ұсынылды.

2011-2014 жылдары-мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрағасы.

2014 жылғы қыркүйектен бастап Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хабтың басқарушы комитетінің (ACSH) төрағасы жұмысын атқарады, оған 39 қатысушы ел кіреді және мемлекеттік қызметті жетілдіру және білім алмасу үшін институционалдық платформа ретінде еңбек етеді.

Республикалық федерация мен Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ ойын федерациясының президенті.

 

Дереккөздер:

Әлихан Бәйменов — «Ешкімді көшірмей, ең жақсысын алуға тырысыңыз!» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтың сұхбаты»

Википедия

Online.zakon.kz

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу