Басты бетке қайту

Михаил Ненашев (1929–2019)


Михаил Ненашев
Дереккөз: Мәскеу политехникалық университеті 


Михаил Федорович Ненашев 1929 жылы Орал облысының Бородиновка ауылында (қазіргі Ресейдің Челябі облысы, Варна ауданы) дүниеге келген. Оның әкесі шаруа, ал анасы Орынбор казактарынан шыққан.
1952 жылы Магнитогорск педагогикалық институтының тарих-филология факультетін үздік бітірген, кейін Ленинград жоспарлау-экономикалық институтының (қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті) аспирантурасын тәмамдаған. 1956 жылы тарих ғылымының кандидаты, ал 1979 жылы докторы атанды.
1952 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясына (КОКП) кірді. 1956-1953 жылдары Магнитогорск тау-кен металлургия институтында марксизм-ленинизм кафедрасында ассистент, оқытушы, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. КОКП Магнитогорск қалалық комитетінің құрамына кірді, компартияның Челябі облыстық комитетінің хатшысы болды. 1980-1991 жылдары КОКП Орталық комитетінің (ОК) мүшесі болыд.
1978-1986 жылдары «Советская Россия» газетінің бас редакторы. Оның басшылығымен басылым Кеңес Одағындағы ең танымал және ықпалды басылымдардың біріне айналды. 1986 жылы КСРО баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
1989-1990 жылдары Мемлекеттік телерадионы басқарды. 
1990-1991 жылдары Кеңес Одағының соңғы үкіметінің мүшесі болды. «Последнее Правительство СССР» (1993) және «Заложник времени. Заметки, размышления, свидетельства» (1993) атты естелік кітаптарының авторы, онда автордың КСРО және жаңа Ресейдің мемлекет қайраткерлерімен қарым-қатынасы туралы ойлары мен пікірлері жинақталған.
2019 жылы Мәскеуде қайтыс болды. Троекуров зиратында жерленген.

Дереккөздер:
ТАСС
Халықаралық біріккен өмірбаяндық орталық 
«Ресей газеті» 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу