Басты бетке қайту

Руслан Аушев (1954 жылы туған)


Руслан Аушев
Дереккөз: Википедия

Руслан Сұлтанович Аушев 1954 жылы 29 қазанда Қазақ КСР Володарское ауылында (қазіргі – Саумалкөл ауылы, Айыртау ауданы, Қазақстанның Солтүстік Қазақстан облысы) 1944 жылы Қазақстанға жер аударылған ингуштар отбасында дүниеге келген.

1971 жылы орта мектепті бітірді. 1975 жылы Кеңес Одағының Маршалы А.И. Еременко атындағы Орджоникидзе қос Қызыл Тулы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (ОрджВОКУ), 1985 жылы М. В. Фрунзе атындағы әскери академиясын (қазіргі – Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жалпы әскери академиясы) бітірді. 1975-1980 жылдары Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет етті: 1975 жылдан бастап мотоатқыштар взводының командирі, 1976 жылдан бастап мотоатқыштар ротасының командирі, 1979 жылдан бастап мотоатқыштар батальоны штабының бастығы.

Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамында екі рет әскери қызмет атқарды: 1980 жылдан 1982 жылға дейін (штаб бастығы және мотоатқыштар батальонының командирі лауазымдарында) және 1985 жылдан 1987 жылға дейін (полк командирі). 1982 жылы Ауған соғысындағы батылдығы мен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды.

Саяси мансабын 1989 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) Халық депутаты болып бастаған.

1993 жылы Ингушетия Республикасының Бірінші Президенті болды - 1993 жылы 28 Ақпанда сайланды, сайлаушылардың 99,94% дауысы қолдау тапты. 1994 жылы 27 ақпанда 94,2% нәтижесімен екінші мерзімге қайта сайланды. Президенттік кезеңінде ол бейбітшілікті сақтауды және аймақтағы әскери қақтығыстардың алдын алуды басты міндет етіп қойды.

2000 жылдың қазан айында оның бастамасымен Ингушетия Конституциясына Республика басшысының өкілеттік мерзімін төрт жылға дейін қысқартатын түзетулер енгізіліп, 2002 жылдың 1 наурызына жаңа сайлау тағайындалды. Алайда Ингушетия прокуратурасы бұл сайлауды Республиканың Жоғарғы Сотында даулап, олардың күшін жойды. Сот шешімімен келіспеген Руслан Аушев 2001 жылы 29 желтоқсанда Ингушетия басшысының өкілеттігін өз еркімен тастады.

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы интернационалист-жауынгерлер істері комитетінің және ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің қызметіне белсенді қатысты (1991-2014).

 

Дереккөздер:

Википедия

Всероссийская общественная организация ветеранов «Боевое братство» 

ТАСС

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу