Басты бетке қайту

Капитолий

«Капитолий» атауы (латын тіліндегі «caput» - «бас» немесе «шың» дегенді білдіреді) ежелгі Рим тарихынан бастау алады. Бұл – римдіктердің бас құдайы Юпитердің ғибадатханасы орналасқан Римдегі жеті төбенің бірінің атауы. Ғибадатхана – Рим империясындағы ең маңызды және қастерлі орын, ал оның орналасқан жері құдіреттіліктің, «билік шыңының» нышаны. Кейіннен орта ғасырларда, «капитолий» сөзі маңызды мемлекеттік және діни ғимараттар орналасқан қаланың басты алаңдарын атау үшін қолданылды. Көптеген елдер мен қалаларда бұл терминнің әртүрлі мағынасы болуы мүмкін, бірақ барлық жерде «капитолий» – билік пен мемлекеттіліктің нышаны.
Қазіргі әлемде «Капитолий» сөзі заң шығарушы билік органдары отыратын ғимараттарды атау үшін қолданылады. Мысалы, Кубадағы Ұлттық Капитолий – 1959 жылға дейін парламент орналасқан ғимарат.
Гаванадағы (Куба) Ұлттық Капитолий
Дереккөз: Авторлық: Virtual-Pano. Жеке жұмыс, CC BY 4.0

АҚШ-та «Капитолий» термині мемлекеттің, штаттың немесе аумақтың заң шығарушы органдары отырыстарын өткізетін ғимараттарды атау үшін қолданылады. АҚШ-тағы ең танымал Капитолий – заң шығарушы билік тармағы – АҚШ конгресі орналасқан ғимарат. Ол Колумбия штаты, Вашингтон қаласындағы Капитолий төбесінде орналасқан. 

Вашингтондағы Капитолий ғимараты
Дереккөз: Wikipedia

Капитолийдің іргетасының алғашқы тасын 1793 жылы 18 қыркүйекте АҚШ-тың бүкілхалықтық сайланған тұңғыш президенті Джордж Вашингтон қалаған. Капитолий – ұлттық тарихи ескерткіш және елдің мемлекеттік билік нышандарының бірі.
Негізгі ғимарат ампир стилінде салынған, оны салуға сәулетшілердің бірнеше буыны қатысқан. 1800 жылдың қараша айында Конгресс алғаш рет әлі толық салынбаған Капитолий ғимаратында жиналды. 

Капитолийдің бастапқы жобасы
Дереккөз: Wikipedia

Ғимарат 1812-1815 жылдардағы ағылшын-американ соғысы кезінде, яғни 1814 жылы өртенді, оны қалпына келтіру жұмыстары бес жылға созылды. 
 
Вашингтондағы өртенгеннен кейін салынып бітпеген Капитолий 
Дереккөз: Wikipedia  

1820-1827 жылдары ғимараттың оңтүстік және солтүстік бөліктері күмбез астына өткелмен біріктірілді. Оның іші итальяндық суретші Константино Брумидидің АҚШ-тағы алғашқы «Вашингтонның апофеозы» фрескасымен безендірілді. 

Капитолий күмбезінің ішіндегі Константино Брумидидің жұмысы «Вашингтон апофеозы» фрескасы 
Дереккөз: wikipedia  

1830 жылы Капитолийдің құрылысы ресми түрде аяқталды. Алайда оны қайта жасау және қосымша салу жұмыстары бұдан әрі де жалғаса берді. 1863 жылдың желтоқсан айында Капитолийдің төбесіне әскери отшашу дабылымен еркіндікті бейнелейтін қола мүсін орнатылды.  

Қолтаңба: Капитолий күмбезіндегі Бостандық мүсіні
Дереккөз: Wikipedia  

Бүгінгі таңдағы кешеннің құрамына Капитолий ғимараты, Өкілдер палатасы мен Сенаттың алты негізгі ғимараты, Конгрестің үш кітапхана ғимараты, Жоғарғы сот ғимараты, АҚШ Ботаникалық бағы, келушілер орталығы және басқа да нысандар кіреді. 

 Капитолий ғимараты
Дереккөз: Yahoo!

АҚШ конгресі орналасқан жердегі бас ғимаратқа ұқсас,, жекелеген штаттардың да өздерінің жергілікті заң шығарушы органдары орналасқан Капитолийлері бар.

Айова штатының Капитолийі
Дереккөз: Авторлық: Ashton B Crew. Жеке жұмыс, CC BY 3.0

2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың жақтастары 2020 жылдың 3 қарашасында өткен президенттік сайлауда Джо Байденнің жеңімпаз деп жариялануына қарсылық білдіріп, Капитолий ғимаратына басып кірді. Бұл оқиға «Капитолийге шабуыл» деп аталды. Қауіпсіздік қызметі арқылы өтіп кеткен наразылық білдірушілер ғимараттың бір бөлігін бірнеше сағат бойы басып алды. Шабуыл Капитолий ғимаратын эвакуациялауға және жабуға, сондай-ақ Конгрестің сайлаушылардың дауыстарын санауын және Джо Байденнің жеңісін ресімдеуді тоқтатуға әкеп соқты. «Капитолийге
шабуыл» нәтижесінде төрт наразылық білдіруші мен ғимарат күзетінің бір офицері қаза тапты. 

Капитолий 6 қаңтар 2021 ж.
Дереккөз: Rolling Stone

Дереккөздер: 
Дилетант.медиа  
РИА жаңалықтары  
Туризмнің қыр-cыры

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу