Басты бетке қайту

«Волга» автокөлігі


 

Горький автомобиль зауытының ГАЗ-21 «Волга» автокөлігі, қазан айының 50 жылдығы алаңында (қазіргі Манежная) Мәскеуде, 1966 жыл

Дереккөз: «Родина» журналының интернет-порталы

«Волга»  автокөлігі – 1956 жылдан 2010 жылға дейін Горький автозаводы (ГАЗ) шығарған кеңестік (кейінірек ресейлік) жеңіл автомобильдер бренді (Нижний Новгород қаласында, бұрын Горький қаласында орналасқан).

Алғашқы «Волга» болған бірінші ГАЗ-М21 көлігі 1956 жылы 15 қазанда Горький автомобиль зауытының конвейерінен шықты. Бұл модель «Победа» көлігін алмастырды және стильді дизайнымен, кең интерьерімен, сол кездегі қуатты 2,4 литрлік төрт цилиндрлі қозғалтқышымен және шамамен 75-80 ат күшімен ерекшеленді. Автокөлік механикалық және эксперименттік автоматты беріліс қорабымен жабдықталған-дегенмен, соңғы нұсқа сәтсіз болды және шығарылуы тоқтатылды. «Волга» тез арада кеңестік автоөнеркәсіптің символына айналды және қызметтік көлік, такси ретінде пайдаланылды, сонымен қатар басшылар арасында танымал болды.

ГАЗ-М21 моделі 14 жыл бойы шығарылып отырды. Бұл модельдің соңғы көлігі 1970 жылы зауыттан шықты. Сонымен зауыттан шыққан барлық  автомобиль саны 638 845 жетті.

1960 жылдары «Волганың» келесі буыны — ГАЗ - 24 дами бастады, ол заманауи дизайнымен және техникалық сипаттамаларымен ерекшеленді. Бұл модельдің тұсаукесері 1967 жылы болғанымен, жаппай өндіріс тек қана 1970 жылы басталды. Бұл автомобильде жетілдірілген қозғалтқыш және басқа да техникалық жаңалықтары бар еді, бұл оны өз заманындағы ең танымал автомобильдердің біріне айналдырды. Жаңа «Волга» кеңес адамы үшін жайлылықтың көрінісі, беделдің көрсеткіші және оған қол жеткізу адамдарға қиялы арман болды. Автокөлікті жаппай өндірудің басталуымен оны тек партия шенеуніктері, дүкен директорлары, алыпсатарлар және «байланысы бар» азаматтар сатып алуға қолы жетті. Ақ және қара «Волганы» сатып алу екіталай болып көрінді — олардың көпшілігі бірден мемлекеттік аппарат пен барлау органдарының өкілдеріне жазылып берілетін еді. Партия элитасы  «Волганың» қарғаның  қанатындай қара түсін ерекші көрді.   


ГАЗ-24 «Волга» автокөлігі
Дереккөз: Дзен

Посткеңестік кезеңде ГАЗ-3110, ГАЗ-31105, ГАЗ-31029 модельдері шығарыла басталды, бірақ шетелдік машиналармен бәсекелестік сұраныстың біртіндеп төмендеуіне әкеліп соқты. Соңғы «Волга» сериясы 2010 жылы конвейерден шығып кетті, бірақ кеңестік автомобиль  танымдылығын жоғалтпады, отандық автоөнеркәсіптің аңызы және көптеген коллекционерлер үшін  сенімділік пен мәртебе символы ретінде тарихта қалды.  


Газ-31105 «Волга» автокөлігі
Дереккөз: За рулем

 

Дереккөздер:

«Родина» журналының интернет-порталы

Культурология.рф

КоммерсантЪ

Вокруг Света

За рулем

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу