Басты бетке қайту

Шаймиев Минтимер Шарипович


Минтимер Шаймиев
Источник: Мензелин муниципалды ауданы

 Шаймиев Минтимер Шарипович 1937 жылы 20 қаңтарда қазіргі Ақтаңыш ауданының (Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы) Аняково ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1959 жылы Қазан ауыл шаруашылығы институтының механикаландыру факультетін бітіріп, ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында жұмыс істеді.
1967 жылдан бастап партиялық-әкімшілік қызметте болды: нұсқаушы, КОКП Татар облыстық комитеті ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Татарстан Республикасының мелиорация және су шаруашылығы министрі. Татар АКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, КОКП Татар облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды.
1990 жылдардың ортасында ұлттық республикалардың федералды орталықтан тәуелсіздік үшін күресін басқарған ресейлік көшбасшылардың бірі болды. 1991 жылы 12 маусымда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Татарстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Бұл қызметке екі рет қайта сайланды (1996 жылы 24 наурызда және 2001 жылы 25 наурызда). 2005 жылы 25 наурызда Ресей Федерациясы президентінің ұсынысы бойынша (РФ аймақ басшыларын сайлау тәртібінің өзгеруіне байланысты) республика президентінің өкілеттігі берілді. 2010 жылы 25 наурызда, өкілеттік мерзімі аяқталған соң, Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі қызметіне кірісті.
Татарстан Республикасы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар 1996 жылы, үкіметаралық келісімге қол қойылған сәттен бастап дами бастады. Сол жылы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының тұңғыш президенті Минтимер Шаймиевтің инаугурациясына келді. 

Н. Назарбаевтың Татарстан президенті М. Шаймиевті ұлықтау рәсіміне Казанға сапары, 3 сәуір 1996 жыл
Источник: Нақты уақыт 

1997 жылы Минтимер Шаймиев Алматыға жауап сапармен келді.
Құл Ғали атындағы татар халқының халықаралық сыйлығының лауреаты (1994), «Баспасөзбен қарым-қатынастағы ашықтығы үшін» Ресей журналистер одағының сыйлығы (1997), «Ресей театр өнерін қолдағаны үшін» номинациясы бойынша Ресейдің «Алтын маска» ұлттық театр сыйлығы (1999), «Жыл Президенті» номинациясы бойынша «Ресей ұлттық Олимпы» сыйлығы (2001, 2004) және т.б.
1998 жылы Кембридждегі (Ұлыбритания) Халықаралық өмірбаян орталығы Минтимер Шаймиевке «Жыл адамы» атағын берді.
Республиканың бірінші басшысы туралы бірнеше кітап жазылған, соның ішінде оған «Керемет адамдардың өмірі: өмірбаян жалғасуда» сериясының жеке томы арналған (2016).

Дереккөздер: 

Ресми Татарстан

Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысы Федерациясының Кеңесі

ТАСС

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу