Басты бетке қайту

Дотациялар

Дотация (франц. dotation, лат. dotatio – сыйлық, қайырымдылық) – бұл мемлекеттің жекелеген экономика салаларын, өңірлерді, әлеуметтік бағдарламаларды немесе азаматтардың жекелеген санаттарын қолдау үшін бюджеттен бөлетін қаржысы. Дотация өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Дотация жоғары шығындарды өтейді және залалды жабады. Кәсіпорындарға дотация беру, бір жағынан, олардың банкротқа ұшырауының алдын алса, екінші жағынан, жекелеген тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бөлшек сауда бағасының көтерілуіне жол бермейді, өйткені бұл тауарлардың бағасының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен, яғни дотация арқылы төленеді. Егер дотация болмаса, өндірушілер өз шығындарының тиісті бөлігін сатып алушыларға аударар еді, бұл бағаның өсуіне әкеп соғар еді.
Дотациялар экономиканы мемлекеттік-әкімшілік басқару басым елдерде кеңінен қолданылады, ал өз-өзін қаржыландыру және өтеу талаптары қатаң болып келетін нарықтық типтегі экономикаға бұл тән емес.

 

Дереккөздер: 
Үлкен Ресей энциклопедиясы 

Точка
 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу