Диверсификация (лат. diversus – әртүрлі және facio – жасау) – бұл экономиканы өзгерту процесі, ол салалардың, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің әртүрлілігін арттыруға бағытталған.
Диверсификацияның мынадай түрлері бар: макроэкономикалық – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекеттік инвестициялар немесе жеке капиталды ынталандыру (заңнамалық база, салық жүйесі) негізінде халық шаруашылығының басым кешендері мен салаларын дамыту және микроэкономикалық – бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерін бір мезгілде дамыту, бір кәсіпорын, концерн және т.б. шеңберінде өндірілетін бұйымдардың түрін кеңейту.
Дереккөздер:
«Академик» интернет-сервисі
Үлкен Ресей энциклопедиясы
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу