Басты бетке қайту

Социалистік Еңбек Ері

Социалистік Еңбек Ері атағы кенеттен пайда болған жоқ. Еңбек Ері деп 1921 жылдан бастап еңбек өтілі ондаған жылдарды құрайтын озат жұмысшыларды атай бастады. Бұл атақ марапатталған адамдарға берілетін грамоталарда пайда болды, ал алты жылдан кейін, 1927 жылғы 27 шілдеде Орталық атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің арнайы бірлескен қаулысымен ресми түрде енгізілді.
«Еңбек Ері» атағын беру үшін негіздемелер де кейін Социалистік Еңбек Ері атағының статутында бекітілген негіздемелерге ұқсас болды, бір ғана ерекшелігі – оны 35 жылдық еңбек өтілі үшін беруге болатын еді (бірақ іс жүзінде өтілі аз болғандар да марапатталған). Бұл жоғары атаққа алғаш рет 1928 жылғы 2 қаңтарда төрт адам — екі жұмысшы және екі мұғалім ие болды, ал марапаттың он жылдан сәл астам уақыт ішінде 1014 адамға берілді.
Социалистік Еңбек Ері атағы пайда болғаннан кейін «Еңбек Ері» атағы берілмейтін болды, бірақ ресми түрде болып, 1988 жылы ғана күші жойылды.

«Социалистік Еңбек Ері» – 1938 жылдан 1991 жылға дейінгі кезеңде КСРО-дағы еңбек үшін берілетін ең жоғары құрметті атақ. Ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда саласындағы жаңашылдық қызметі, сондай-ақ ғылыми жаңалықтар мен техникалық өнертабыстар үшін берілді.

«Орақ пен Балға» медалі  
Дереккөз: «Ресей газетінің» Интернет-порталы  


1949 жылдан бастап, Еңбек Ерін алғашқы марапаттаудан кейін қатарынан 3 жыл жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жағдайда, атақты қайта беруге рұқсат етілді. Алайда, 1950 жылдардың ортасынан бастап атақ ірі партия және мемлекет қайраткерлеріне ұзақ жылғы қызметі немесе әртүрлі мерейтойлар мен мерекелерге байланысты жиі беріле бастады, бұл марапаттың беделін ішінара төмендетті.
Атақ беру немесе одан айыру туралы шешімді КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы (1990 жылғы наурыздан бастап КСРО Президенті) қабылдады.
Бастапқыда марапаттау кезінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы мен Ленин ордені тапсырылды. 1940 жылдан бастап марапаттың қосымша көрінетін символы ретінде арнайы айырым белгісі – «Орақ пен Балға»медалі тағайындалды. Сондай-ақ марапатталған адамға оның жеке басын куәландыру үшін оның фотосуреті бар шағын форматтағы Грамота берілді. Қайта марапаттау кезінде «Орақ пен Балға» алтын медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды, ал еңбек ерінің туған жеріне қоладан жасалған мүсіні орнатылды.
1988 жылдан бастап атақты қайта беру тоқтатылды.
Социалистік Еңбек Ері атағына барлығы 20,5 мыңнан астам адам ие болды, оның ішінде 221 адам екі рет және 16 адам үш рет марапатталған. Марапаттау статистикасына сәйкес, бұл айырым белгісін алғандардың басым көпшілігі – ауыл шаруашылығы жұмысшылары (шамамен 60%). Одан кейін өнеркәсіп қызметкерлері (шамамен 20%) және құрылысшылар (шамамен 5%) келеді.
Қазақстан атақ берілгендерге тапсырылатын «Орақ пен Балға» алтын медалінің иегерлерінің саны бойынша одақтық республикалар арасында көшбасшылардың бірі болды. 1989 жылғы жағдай бойынша 1 803 қазақстандық Социалистік Еңбек Ері атағын алған.
Соңғы марапаттау 1991 жылдың аяғында өтті.

Дереккөздер: 

Үлкен Ресей энциклопедиясы  

QMonitor

История.РФ

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу