Басты бетке қайту

Аяз Муталибов (1939–2022)

Аяз Ниязи оглы Муталибов 1939 жылы Бакуде дәрігерлер отбасында дүниеге келген. 1962 жылы Әзірбайжан Мұнай және химия институтын (қазіргі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университеті) бітірді.
Әзірбайжан гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтында аға техник-конструктор, Бакудегі электрлік тұрмыстық құралдар зауытында құрастыру цехының шебері болып жұмыс істеді. 1974 жылы Бакудегі тоңазытқыштар мен тұрмыстық машиналар шығаратын өндірістік бірлестігінің бас директоры болды.


Аяз Муталибов
Дереккөз: Әзірбайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі 

 
1963 жылы ол Кеңес Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) мүшесі болды. 1977 жылы Баку қаласының Нариманов аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Келесі жылдары Әзірбайжан КСР (қазіргі Әзірбайжан Республикасы) жергілікті өнеркәсіп министрі (1979–1982), Әзірбайжан КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы (1982 жылдан бастап) және республика Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
1989 жылы Әзірбайжан КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар, ол Кеңес Одағының халық депутаты болып сайланды, ал 1990 жылы республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне келді.
1990 жылдың мамыр айында республика Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Әзірбайжан КСР президенті болып жарияланды. Ол бұл лауазымда 1991 жылдың қыркүйегіне дейін болды, сол кезде президенттік сайлау Әзірбайжан Республикасында өткізілді. Жалпыхалықтық дауыс беруде сайлаушылардың 98,5% қолдауына ие болып, мемлекет басшысы атанды.
Президент ретінде «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы» декларацияға қол қойды, Коммунистік партияны таратты. 1991 жылдың желтоқсанында Әзірбайжан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) кіруі туралы келісімге, ал 1992 жылдың наурызында ел Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болды.
1991 жылдың қыркүйегінде Таулы Қарабақтағы (Закавказьедегі Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы аумақтық даудың нысаны болып табылатын аймақ) Армения-Әзірбайжан қақтығысының шиеленісуіне тап болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Борис Ельциннің ұсынысы бойынша Железноводск қаласында (Ставрополь өлкесі, Ресей) өткен қақтығысты реттеу бойынша келіссөздерге қатысты. Кездесуге Аяз Мүтәлібовтан басқа, Армения Республикасының президенті Левон-Тер Петросян мен Қарабақ делегациясы да қатысты. Қазақстандық және ресейлік көшбасшылар делдал ретінде әрекет етті.
Қабылданған күш-жігерге қарамастан, 1992 жылдың наурызында Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Аяз Мүтәлібов Әзірбайжан Республикасы президентінің өкілеттігін тоқтатты. Мамыр айында қызметіне қайта оралды, алайда оппозицияның Бакуді басып алу қаупіне байланысты елден кетуге мәжбүр болды.
1992 жылдан 2012 жылға дейін Мәскеуде тұрды. 2000-шы жылдардың басында саяси қызметке қайта оралды. Азаматтық бірлік партиясының (2000-2003) және Әзірбайжан Социал-демократиялық партиясының тең төрағасы (2003-2012) қызметтерін атқарды.
2012 жылдың маусымында партиядан шығып, көп ұзамай Әзірбайжанға қайта оралды. 2022 жылы ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болды.

 

Дереккөздер​​​​​​​:

РИА Жаңалықтары

Әзірбайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі

Интерфакс

«Азертадж»

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу