Басты бетке қайту

«Барыс» ордені

«Барыс»  ордені - Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен белгіленген ордені. 
Бұл орден ерекше еңбегі үшін:
•    Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны;
•    бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені;
•    мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;
•    халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
•    ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға;
•    мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі

«Барыс» орденінде үш дәреже бар:
   I дәрежелі «Барыс» ордені - жұлдыздан және иық таспасындағы белгіден тұрады;

 I дәрежелі «Барыс»  орденінің иық лентасындағы жұлдызы мен белгісі
Дереккөз: OrexCA.com 

 II дәрежелі  «Барыс» ордені -кеуде қалыбындағы белгіден тұрады;

II дәрежелі «Барыс» ордені 
Дереккөз: OrexCA.com 


 III дәрежелі  «Барыс» ордені -мойын таспасындағы белгіден тұрады.


III дәрежелі «Барыс» ордені 
Дереккөз: OrexCA.com 


Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау ретпен жүргізіледі: 
III дәрежелі, II дәрежелі және I дәрежелі. Ерекше жағдайларда көзге түсер айырмашылығы үшін мемлекет басшысының шешімі бойынша кезектілік ескерілмей марапаттар тағайындалуы мүмкін.

Дереккөздер:
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі 

Informburo.kz Мультимедиялық ақпараттық-талдау порталы
 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу