Басты бетке қайту

«Жалаңаш король»

«Жалаңаш король» — бұл дат жазушы-ертегішісі Ханс Кристиан Андерсеннің «Корольдің жаңа көйлегі» атты ертегісіндегі сөз. Бұл сюжет алғаш рет Хуан Мануэльдің «Граф Луканор» кітабының бірінші бөлімінде 1335 жылы жарияланған новелласында кездеседі. Алайда, ол Андерсен ертегіні 1837 жылы жариялағаннан кейін кеңінен танымал болды.
Андерсеннің ертегісінде екі алаяқ корольді оған ең нәзік, қымбат матадан тамаша киім тіккеніне сендіреді. Олар бұл киімді тек ақымақтар ғана көре алмайды және бағалай алмайды деп жариялайды. Сондықтан барлығы ауызбірлікпен киімнің шынымен керемет екенін айтады. Содан соң король серуенге жап-жалаңаш шығады. Тек ересектердің алдын ала қалыптасқан пікірлерінен ада кішкентай бала ғана: «Король жалаңаш қой!» деп айқайлап, бұл комедияға нүкте қояды. Сол кезде барлығы өздерінің алданғанын мойындауға мәжбүр болады.
Дәл осы ертегі жарыққа шыққаннан кейін «жалаңаш король» сөз орамы адамның кейбір жағымсыз немесе шындыққа сәйкес келмейтін қасиеттері әшкереленген кезде қолданыла бастады.

Дереккөздер:
«Академик» Интернет-сервисі 
Проза.ру
 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу