Басты бетке қайту

Версаль

Версаль – Версаль – Франциядағы сарай-саябақ кешені, ол «күн-король» атанған XIV Людовиктің бұйрығымен салынған. Франция мен Еуропаның маңызды мәдени-тарихи нысандарының бірі, қазіргі уақытта Париждің маңында орналасқан аттас қалада орналасқан.
XVII ғасырдың екінші жартысындағы француз өнерінің «Үлкен стиль» немесе «алтын ғасыры» дәуірінің көрнекті ескерткіші. Мұражай кешенінің аумағында үш сарай орналасқан: бас сарай, Үлкен Трианон және Кіші Трианон. Жыл сайын әртүрлі елдерден 10 миллионға дейін саяхатшы қабылдайды. 
Бұл жер туралы алғашқы дерек XI ғасырдың басында Шартрдағы Сен-Пьер монастырының жарғысында кездеседі. 1623 жылы  XIII король Людовик бұл жерді аң аулайтын шато салу үшін сатып алған. Корольдік ғимараттарды салудың бастапқы мақсаты аңшылықпен байланысты болды. 
1661 жылы Людовик XIV павильонды Сарайға айналдыруға шешім қабылдайды.  Ол сол дәуірдің жетекші сәулетшілері – Луи Лё Во мен Жюль Ардуэн-Мансарға және ландшафтты жобалау мамандарына (ең алдымен Андре Ленотрға) жүгінді. Нәтижесінде, Версаль әлемдік мәдениеттің ең танымал ескерткіштерінің біріне айналды. Сарай кешенін салу жұмыстары XIV Луидің бүкіл өмірі бойы жүргізілді.
Замок ақ-қара мәрмәрдан жасалған ауласы, бағандары және темір торлары бар үш қабатты ғимаратқа айналды. Оның үсті тегіс шатырмен жабылып, король мен патшайымға арналған пәтерлер орналасқан екі жаңа қанаты салынды.

Версальдың үлкен саябағы ұқыпты француз бақтарымен бірге негізгі сарайдың дәл сыртынан басталады. Бұл бақтар сол дәуірде танымал болған түзу геометриялық сызықтармен ерекшеленеді. Көптеген өсімдіктер мен олардың сыртқы көрінісі мұражайдың тарихи мұрағат құжаттары бойынша қалпына келтірілген.
 
Геометриялық тұрғыдан дұрыс орналасқан көгалдары мен жолдары бар саябаққа өз дәуірінің жетекші шеберлері Франсуа Жирардон мен Этьен Лё Онгр жасаған мүсіндер қойылды. Сондай-ақ, мұнда кең оранжерея мен хайуанаттар бағы пайда болды, ал 1667 жылы қайықпен серуендеуге арналған атақты канал — «кішкентай Венеция» құрылысы басталды.  


Людовик XV арқасында Версальда өзінің опера театры пайда болды. Ал Людовик XVI әйелі Мари Антуанеттаның бастамасымен  мұнда сәндік ферма салынды. 

Ұлы француз төңкерісінен кейін Версаль сарайы біраз уақыт Наполеон Бонапарттың меншігінде болды.
1837 жылы король сарайында Франция тарихы мұражайы ашылды. 1979 жылы Версаль сарайы мен саябағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасы тізіміне енгізілді.

 

Дереккөздер: 
Chateau de Versailles  
Общество «Знание»
Туристер  
Білім.вики  
Әлемнің сәулеттік құрылыстары  
 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу