Басты бетке қайту

Лакшми Миттал

Лакшми Нивас Миттал 1950 жылы Үндістанның Садульпур қаласында (Раджастан провинциясы) дүниеге келген. Оның әкесінің Ispat атты болат өндіру компаниясы болған, кейін ол ұлына мұра болып қалды. 1970 жылы Калькуттадағы Әулие Ксавье колледжінде бакалавр дәрежесін алды.
1976 жылы Үндістан үкіметінің болат өндіру бизнесіне қатысты енгізген шектеулеріне байланысты Индонезияға көшіп, онда Ispat Indo комбинатын салды. Ол табыссыз активтер мен шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алып, оларды жаңарту арқылы табыс әкелетін кәсіпорындарға айналдырды. 1980-90-шы жылдары Мексика, Канада, Германия, Ирландия және басқа да елдерде бірнеше кәсіпорын сатып алды.
2004 жылы әлемдегі ең ірі болат өндіру компаниясы болған Mittal Steel корпорациясының негізін қалады. 2006 жылы тағы бір ірі компания – Arcelor-мен бірігуі нәтижесінде ArcelorMittal концернін құрды.
1995 жылы Лакшми Миттал Қазақстандағы «Қармет» компаниясын сатып алды, оған Қарағанды металлургия комбинаты мен Қарағанды облысындағы сегіз көмір шахтасы тиесілі еді. Кәсіпорын «Испат-Қармет» деп аталды. 2004 жылы ол «Миттал Стил Теміртау» болып қайта құрылды, ал 2007 жылы — «АрселорМиттал Теміртау» деп өзгертілді.
2023 жылы концерннің шахталарында болған ірі апаттардан кейін Қазақстан Республикасының басшылығы ArcelorMittal-мен қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдады. Сол жылдың желтоқсанында үкімет «АрселорМиттал Теміртауды» $286 млн-ға сатып алды. Кейінірек компанияның атауы Qarmet болып өзгертілді.
Лакшми Миттал Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдар тізіміне бірнеше рет енген. 2005 жылы ол рейтингте үшінші, 2006 жылы — бесінші, ал 2009 жылы — тоғызыншы орынды иеленді. 2006 жылы Ұлыбританияның ең бай адамы болып танылды.

Дереккөздер:
GMK Center 
«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі 
«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі 
Лентапедия. Лента.ру 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу