Басты бетке қайту

Алексис де Токвиль (1805–1859)


Алексис де Токвиль
Дереккөз: Britannica

Алексис де Токвиль  Француз ақсүйектер отбасынан шыққан. Мецтегі лицейді бітіргеннен соң Парижде заңгер мамандығы бойынша дәріс алды. 1827 жылы ол Версаль сот бөліміне қызметке орналасты. 
1830 жылдардың аяғынан 1851 жылға дейін саяси қызметпен белсенді айналысты, бірнеше рет заң шығарушы органдарға сайланды.
1849 жылдың маусымынан қазанына дейін - Францияның Одилон Барроның «екінші» кабинетіндегі Премьер-Министрдің сыртқы істер министрі.
1851 жылғы 2 желтоқсандағы Шарль Луи Наполеон Бонапарт жасаған төңкерістен кейін ол барлық мандаттардан бас тартып, саяси сахнадан кетті.
1831-32 жылдары Солтүстік Америкаға саяхат жасады. Сапар барысында жиналған американдық қоғамның, оның институттарының, саяси жүйесінің, мәдениетінің жай-күйі туралы ақпаратты талдау негізінде «Америкадағы Демократия» зерттеуін жазды. Еңбек автордың көзі тірісінде әлемге әйгілі болды.
1850 жылдары ол аяқталмаған екінші негізгі - «Ескі тәртіп және революция» атты еңбегін жалғастырды, осы еңбекте француз қоғамының орта ғасырлар жүйесінен қазіргі демократиялық құрылымға ауысуы зерттелген болатын. 
Токвиль 1859 жылы туберкулезден қайтыс болып, Нормандиядағы отбасылық зиратқа жерленген.
Оның екі негізгі еңбегі — «Америкадағы демократия» және «Ескі тәртіп пен төңкеріс» — француз төңкерісін одан әрі зерттеуге жаңа серпін беріп, либерализм мен әлеуметтанулық ой-сананың дамуына зор ықпал етті.
Токвильдің идеялары қазіргі саясаттану мен саясатқа терең әсер етіп келеді. Ол демократияның ең алдымен басқару формасы емес, қоғамның жай-күйі екенін көрсетті.


Дереккөздер: 
Britannica.com
Токвиль А. Ескі тәртіп пен төңкеріс / фр. тілінен ауд. Л. Н. Ефимов. — Санкт-Петербург, 2008. — 248 б.
Токвиль А. Америкадағы демократия. — Мәскеу, 2000. — 560 б.
 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу