
Александра Николаевна Пахмутова 1929 жылы 9 қарашада КСРО-да, Сталинград қаласының маңындағы (қазіргі Волгоград) Бекетовка кентінде дүниеге келген. Үш жарым жасынан бастап фортепианода ойнап, музыка шығара бастаған.
Ұлы Отан соғысы кезінде Александра Пахмутова Қазақстанға эвакуацияланды. Ол бірнеше ай Теміртауда тұрып, Қарағанды қаласы Киров ауданының №26 мектебінде оқыды (қазіргі -Теміртау қаласының №1 мектебі). Музыкалық оқуды Қарағанды музыка мектебінде жалғастырды (1952 жылдан бастап — Қарағанды музыка училищесі, қазіргі Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі).
1953 жылы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірді.
Александра Пахмутова өз шығармаларын әртүрлі жанрларда жазады: симфониялық оркестрге арналған әндер мен композициялар («Русская сюита», «Ода на зажжение огня», «Юность» увертюрасы), кинофильмдер мен анимациялық фильмдерге арналған әндер («Три тополя на Плющихе», «Девчата», «Битва за Москву», «Рожденная революцией», мультфильмдерге «Весёлая карусель. Кто пасётся на лугу?» және т.б.) балеттерге арналған музыка («Озаренность» балеті). Алайда, эстрадалық әндер мен аспаптық композициялар оны танымал етті және халық махаббатын әкелді.
Композитор жазған төрт жүзге жуық әннің ішінде халыққа танымал танымал және жақсы көретін әндер: «Песня о тревожной молодости»; «Главное, ребята, сердцем не стареть!»; «Нежность»; «Орлята учатся летать», «Знаете, каким он парнем был»; «Старый клён»; «Хорошие девчата», «Поклонимся великим тем годам»; «Беловежская пуща»; «Герои спорта»; «Трус не играет в хоккей»; «Команда молодости нашей», «До свиданья, Москва!» (Олимпиадамен қоштасу әні - 80); «И вновь продолжается бой», «Надежда»; «Нам не жить друг без друга»; «Как молоды мы были» және т.б. 1 Аудио
Композитордың бірнеше ондаған авторлық грампластинкалары шығарылды.Соның ішінде— «Созвездье Гагарина», «Обнимая небо», «Таёжные звёзды», «Любовь моя — спорт», «Птица счастья», «Шанс».
Александра Пахмутованың әндері Магнитогорск пен Ярославль қалаларының әнұранына айналды.
Александра Пахмутова-Социалистік Еңбек Ері (1990), екі рет Ленин орденінің иегері, КСРО, Ресей және басқа елдердің көптеген наградаларымен марапатталған. 1968 жылы оның құрметіне астероид аталды. 2019 жылдың қараша айында композитордың 90 жылдығына орай Волгоградта «Аккордеоны бар Қыз» ескерткіші ашылды.

2015 жылдың ақпан айында Александра Пахмутова күйеуі ақын Николай Добронравовпен бірге «Үздік қала.kz» музыкалық жобасына қатысты.

Сахна артында композитор өзінің естеліктерімен бөлісті:
«1941 жылы әпкем және басқа балаларым екеуміз Сталинградтан Теміртауға эвакуациялауға жіберілді. Мен сол кездегі қазақстандықтардың бізді қарсы алған қонақжайлылығын, жылулығын ешқашан ұмытпаймын. Соғыс барысында адамдар өте кедей тұрды, бірақ олар ең соңғысымен бізбен бөлісе алды. Бізді Теміртауға әкелгенде, мен ұзақ уақыт бойы музыкасыз өзіме орын таппадым. Содан кейін жергілікті музыка мектебіне түсіп, оқуымды жалғастырдым. Сол жылдары теледидарлар мен плеерлер болмаған кезде, бәрі ән айтатын. Сонымен қатар, айта кету керек, қазақстандық қыздар мен жігіттердің дауыстары қандай керемет. Мен қазір де таланттар ешқайда кетпегеніне сенімдімін және олар өздерін осы жоба аясында көрсетеді» (Время, 4 ақпан 2015 ж.)
Дереккөздер:
«А. Пахмутова интернетте» сайты
Кино-театр.ру
Общество Знание
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу