Басты бетке қайту

Дүниежүзілік сауда ұйымы/ДСҰ

ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы, ағыл. World Trade Organization, WTO) —1995 жылы 1 қаңтарда елдер арасындағы сауданы қарапайым және әділ ету мақсатында құрылған халықаралық құрылым. 1947 жылы жасалған және халықаралық құрылым рөлін атқарған тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім (ГАТТ) негізінде құрылған. ДСҰ БҰҰ құрамына кірмейді, бірақ онымен тығыз жұмыс істейді. 2024 жылдың 30 тамызынан бастап оған 166 мемлекет кіреді - 2024 жылдың тамызында Шығыс Тимор мен Комор ДСҰ-ға қабылданды. Ұйымның мәліметінше, ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің үлесіне әлемдік сауданың 98%-ы тиесілі. ДСҰ штаб-пәтері Женевада орналасқан. 

ДСҰ эмблемасы
Дереккөз: ДСҰ ның сайты  


Ұйымда шешімдер барлық қатысушы мемлекеттердің келісімі негізінде қабылданады. 23 елдің ұйым жанындағы бақылаушы мәртебесі бар. Олардың кейбіреулері, мысалы, Әзірбайжан, Өзбекстан, Эфиопия, Босния және Герцеговина, қосылу туралы келіссөздер жүргізуде. 

1994 жылы Марракеште (Марокко) сегіз жылға жуық кеңес өткізілгеннен кейін ДСҰ құру туралы шартқа қол қойылды. Ұйым 1947 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ, ағылш. General Agreement on Tariffs and Trade) негізінде 1995 жылдың 1 қаңтарында құрылды. Тек тауар саудасын реттейтін ГАТТ-тан айырмашылығы, жаңа ұйымның негізіне тағы екі маңызды құжат алынды: Қызмет көрсету саудасы туралы бас келісім және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісім.

Ұйымның толық мүшесі болу үшін үміткер барлық қатысушылардың қолдауына ие болуы керек, бұл көбінесе кандидаттың сауда саясатына қатысты сұрақтары мен талаптары бар әр мемлекетпен ұзақ келіссөздерге әкеледі. Мысалы, 2015 жылдың 30 қарашасында ДСҰ-ға кірген Қазақстанға ДСҰ-ға мүше болу үшін 20 жылға жуық уақыт қажет болды, ал 1987 жылы ГАТТ-қа алғашқы өтініш берген Алжир осы уақытқа дейін мүшелікке қол жеткізе алмады. 

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамаға қол қою сәті, 2015 жылғы шілде 
Дереккөз: Казахстанская правда

ТМД елдері-ДСҰ-ға мүше елдер:
Қырғызстан-1998 жылғы 20 желтоқсаннан бастап
Грузия-2000 жылдың 14 маусымынан бастап
Молдова- 2001 жылдың 26 шілдеден бастап
Армения-2003 жылдың 5 ақпанынан бастап
Украина-2008 жылғы 16 мамырдан бастап
Ресей - 2012 жылдың 22 тамызынан бастап 
Тәжікстан – 2013 жылғы 2 наурыздан бастап
Қазақстан – 2015 жылғы 30 қарашадан бастап 

Беларусь, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан - ДСҰ бақылаушылары мәртебесіне ие.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) әлемдегі барлық ірі экономикаларды біріктіреді, оның мүшелері әлемдік сауданың шамамен 98%-ын құрайды. 2001 жылы Қытай Халық Республикасының ДСҰ-ға кіруі ұйым үшін үлкен қадам болды.

Ұйым алдында тұрған басты мәселелердің бірі – АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы.


Дәреккөздер: 
ДСҰ сайты    
Казахстанская правда 
РБК: ДСҰ дегеніміз не, оның мақсаттары мен қағидалары қандай?

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу