1955 жылы 14 мамырда Варшавада (Польша астанасы) Албания, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, Чехословакия және Кеңес Одағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Осы шарт негізінде және оған сәйкес Варшава келісімі ұйымы құрылды.

ІІО эмблемасы
Дереккөз: Wikipedia
Варшава келісімі социалистік лагерьдің еуропалық мемлекеттерінің өңірлік экономикалық ұйымы болып табылатын Экономикалық өзара көмек кеңесіне (ЭӨК) әскери және экономикалық толықтыру болды.
Келісімге қатысушы елдер әскери қауіп төнген жағдайда бір-біріне көмектесуге, өзара консультациялар өткізуге, Қарулы күштердің Біріккен қолбасшылығын құруға, сондай-ақ өз аумақтарына Кеңес армиясының бөлімдерін орналастыруға міндеттенді. Варшава келісімінің мақсаттары ретінде қатысушы елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Еуропада бейбітшілікті сақтау жарияланды.

Варшава келісіміне қатысушы елдердің географиялық орналасуы
Дереккөз: Wikipedia
Варшава келісімі ұйымы тұтастай алғанда Шығыс пен Батыс арасындағы күш тепе-теңдігін теңестіруге арналған және 1949 жылы құрылған Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы (НАТО) әскери-саяси альянсын құруға жауап шарасы ретінде жасалған.
Варшава келісімі тек қорғаныс сипатындағы келісім ретінде жарияланды. Ұйымға қатысушы мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жарғысына сәйкес, өздерінің халықаралық қарым-қатынастарында күш қолдану немесе оны қолдану қаупінен аулақ болуға, дауларды бейбіт жолмен шешуге, қарусыздануды жалпыға бірдей қысқартуға және жаппай қырып-жоятын қаруға тыйым салуға бағытталған тиімді шараларды қабылдауға міндеттенді.
1991 жылдың ақпанында КСРО мен Шығыс Еуропаның басқа мемлекеттеріндегі әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты, қатысушы елдер Варшава келісімі ұйымының әскери құрылымдарын тарату туралы шешім қабылдады. 1991 жылдың 1 шілдесінде Прагада Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, КСРО және Чехословакия 1955 жылғы Варшава келісімінің күшін толық тоқтату туралы хаттамаға қол қойды.
Дереккөздер:
«Русская семёрка» Дзен –каналы
РИА жаңалықтары
РИА жаңалықтары
Общество Знание
Родина журналы
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу