Басты бетке қайту

Александр Бовин (1930–2004)


Александр Бовин
Дереккөз: Известия


Александр Евгеньевич Бовин 1930 жылы 9 тамызда Ленинградта (қазіргі Санкт - Петербург) әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. 1953 жылы Ростов мемлекеттік университетінің заң факультетін, 1959 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспирантурасын бітірді.
60-70 жылдары «Коммунист» журналында еңбек етті, КОКП ОК бөлімінің консультанттар тобын басқарды, КОКП ОК хатшысы Юрий Андроповпен тығыз жұмыс істеді. 60-жылдардың аяғынан бастап – КОКП ОК Бас хатшысы Леонид Брежневтің жасырынды  спичрайтері болып қызмет жасады.
1972 жылдан 1991 жылға дейін «Известия» газетінің саяси шолушысы және «Халықаралық панорама» телебағдарламасының жүргізушісі болды.

1991 жылы КСРО-ның Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде тағайындалды (кейінірек - Ресей Федерациясының Израильдегі елшісі). 1997 жылы «Известияға»  қайта оралды.

1997 жылдың желтоқсан айынан бастап –«ТВ-Центр» телеарнасында «Мәні бойынша әңгіме» публицистикалық бағдарламасының авторы және жүргізушісі. 2000 жылдың күзінен бастап «Ресей радиосында» оның «Бір аптадағы әлем» атты  авторлық бағдарламасы жарық көрді. Содан соң Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің (РМГУ) журналистика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды,  сонымен қатар Таяу Шығыс мәселелері бойынша жетекші ресейлік сарапшылардың бірі болып саналды.
«Известияда» жұмыс істей отырып, Александр Бовин Ресей-Қазақстан қатынастарының маңыздылығын бағалады: «Орталық Азияның посткеңестік мемлекеттерімен және ең алдымен Қазақстанмен, терең  тамырын жаймаған ынтымақтастықсыз Ресей өзінің барлық артықшылықтарын Еуразиялық держава ретінде пайдалана алмайды. Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан Қазақстан өзінің сыртқы саясатын Еуразиялық координаттар жүйесінде құруға мәжбүр екені анық. Өйткені кең Еуразиялық тәсіл ғана елді өркендеуге жеткізетін бағаналы жолға апара алады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Еуразиялық одақ, Еуразиялық қоғамдастық идеясын ХХІ ғасырға бағдарланған интеграциялық жоба ретінде табандылықпен алға тартады» («Қазақстандық азимут», Известия, 1998 жылғы 8 шілде).

Александр Бовин - бірқатар публицистикалық және мемуарлық кітаптардың авторы: «Әлемдік социализм дағдарысы» (1991), «ХХ ғасыр өмір ретінде» (2003); «Еврейлер мен Мидовиттер  арасында бес жыл немесе Израиль Ресей елшілігінің терезесінен (күнделіктен)» (2000), «Жалған елшінің жазбалары» (2004) және т. б. 

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Ленин, Октябрь Революциясы ордендерімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, III дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін»  орденімен марапатталған.

2004 жылы 29 сәуірде Мәскеуде қайтыс болды.


Дереккөздер: 
RusTeamMedia 
Бовин А.Е. XX век как жизнь. М. 2003.-784 б. 
Библиографиялық анықтама. РИА жаңалықтары 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу