Украина Жоғарғы Радасы (укр. Верховна Рада України) — Украинаның бір палаталы парламенті. Ол жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланған 450 халық депутатынан тұрады.Украина Жоғарғы Радасы — заң қабылдауға құқылы жалғыз билік органы.
Жоғарғы Раданың өкілеттіктері халық депутаттарының оның сессиялары кезіндегі отырыстарында бірлескен қызметі арқылы іске асырылады.
Халық депутаттарының өкілеттіктері Украина Конституциясымен және заңдарымен анықталады. Халық депутаттары ерікті түрде фракцияларға біріге алады.
Жоғарғы Рада ел үкіметін — Министрлер Кабинетін — құрады және оның қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Украинаның Жоғарғы радасы
Дереккөз: Telegram-канал Верховна Рада України
Дереккөздер:
Украинаның Жоғарғы Радасының ресми порталы
ТАСС. Жоғарғы Радаға сайлау тарихы
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу