Айтыс - көпшілік сайыс, бірқатар өнердің - поэзияның, музыканың, драмалық қойылымның, орындаушылық шеберліктің күрделі синтезі болып табылатын импровизаторлардың поэтикалық турнирі. Қазақтардың, қырғыздардың және басқа да бірқатар түркі халықтарының ауызша ән поэзиясының дәстүрлі түрлерінің бірі. Айтыс – тек халықтың мұрасы ғана емес, сонымен қатар поэтикалық өнердің, тұрмыс пен салт-дәстүрдің жемісі. Ол бүкіл елдің, ұлттың мінезін айқын көрсетеді. Айтыста адамдардың сенімдері, олар қолданған түрлі рәсімдер, сол уақыттағы әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер толығымен көрініс табады. Сонымен қатар, елдің тарихы мен сол кезеңнің әлеуметтік мәселелері жырланады. Бұл айтыстың көп қырлы өнер екендігінің айқын дәлелі.

Айтыс
Дереккөз: Qazaqstan tarihy
Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Домбыраның, гармонияның немесе қобыздың сүйемелдеуімен олар білімде, даналықта, тапқырлықта жарысты. Қатысушылар өздерінің лебіздерімен жеңімпазды анықтады. Іс жүзінде әр рудың өз руын, оның көрнекті өкілдерін дәріптейтін ақындары болды. Айтыстарда дәстүрлі қазақ қоғамының өзекті мәселелері көрініс тапты.
Айтысқа бірнеше ақын қатыса алады, дегенмен екеуара айтыс жиі кездеседі. 2008 жылдан бастап Қырғызстанда айтыстан халықаралық жарыстар өткізіліп келеді. Алғашқы халықаралық «Айтыс» фестивалі 2008 жылдың тамыз айында Бішкекте өтті. Оған 50-ге жуық ақын қатысып, құрметті атақ үшін бақ сынасты. Екінші фестиваль 2009 жылдың жазында Ош қаласында өтті.
2001 жылы ақындарға қолдау көрсетіп, айтысты дамыту мақсатында «Айтыс» қоғамдық қоры құрылды. 2008 жылы суырыпсалма ақындар өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді.
Айтыс шеберлігімен танылған қазақтың танымал ақындары: Жаяу Мұса Байжанұлы, Шоже Қаржаубайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Біржан-сал мен Сара Тастанбекқызы (1946 жылы композитор Мұқан Төлебаев Біржан мен Сараның айтысы негізінде «Біржан мен Сара» операсын жазды), Әсет Найманбаев, Төребай Есқожаұлы, Жамбыл Жабаев және т.б.
Дереккөздер:
Inform.kz
Әдебиет порталы
Тұрсынов Е.Д. Бақсылардың, ақындардың, серілердің, жыраулардың пайда болуы. – Астана: Фолиант, 1999. – 265 б.
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу