Керемет адамдардың өмірі – танымал, әйгілі адамдар туралы көркем-өмірбаяндық кітаптар сериясы.

«Керемет адамдардың өмірі» сериясындағы кітаптар
Дереккөз: «Климовск балалар кітапханасы»
1890 жылы серияның негізін қалаған және баспагері орыс кітап баспагері әрі ағартушы Флорентий Федорович Павленков болды. Баспагер серияны екі жыл ішінде шығарып, 150 том құрайды деп жоспарлаған. 1917 жылға қарай 200 кітап жарық көрді, олар 40 реттен астам қайта басылып, жалпы таралымы 1,5 миллион данаға жетті. Кітаптар 1924 жылға дейін шығып отырған.
«Керемет адамдардың өмірі» деген атау ежелгі грек жазушысы және философы Плутархтың «Салыстырмалы өмірбаяндар» кітабының XIX ғасырда шыққан француз аудармасы – «Vie des Hommes illustres» атауына негізделген. Жастық шағында Флорентий Павленков осы кітапты сүйіп оқыған және кейін өзінің өмірбаяндық сериясына оның атауын алған.
1933 жылы үзілістен кейін бұл серияны жазушы Максим Горький қайта жандандырды. Горький қайтыс болғаннан кейін «Керемет адамдардың өмірі» сериясы «Молодая гвардия» (1938 жыл) — сол кезеңдегі елдің орталық жастар баспасының қарамағына өтті және бүгінгі күнге дейін сонда басылып келеді. Кітаптар тіпті Ұлы Отан соғысы кезінде де басып шығарылды.
2022 жылғы «Молодая гвардия» баспасының мәліметтері бойынша, ЖЗЛ сериясымен шығарылған кітаптардың жалпы таралымы 300 миллион данадан асты.
2015 жылы ЖЗЛ сериясында Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны жарық көрді.

Н. Назарбаевтың өмірбаяны ЖЗЛ сериясында
Дереккөз: Молодая гвардия
ЖЗЛ сериясындағы қазақстандықтар:
Нұрсұлтан Назарбаев (2015)
Құнанбай Өскенбайұлы (2020)
Кемел Тоқаев (2024)
Қасым-Жомарт Тоқаев (2023)
Қаныш Сәтбаев (1980)
Сәкен Сейфуллин (1972)
Ермұхан Бекмаханов (2010)
Шәкәрім Құдайбердиев (2012)
Шоқан Уәлиханов (1990)
Олжас Сүлейменов (2020)
Мұхтар Әуезов (2006)
Абай Құнанбайұлы (2019)
Кенесары Қасымұлы (2004)
Евней Бөкетов (2007)
Таир Мансұров (2021)
Нәзір Төреқұлов (2004)
Дереккөздер:
Histrf.ru
Bigenc.ru
Rg.ru
Kommersant.ru
Gvardiya.ru
«ЖЗЛ» каталогы: 1890—2022: [«Молодая гвардия» баспасының 100 жылдығына орай] / М.: Молодая гвардия, 2022. — 517[11] б.: суретті. — (Керемет адамдардың өмірі: өмірбаяндық серия; 1940-шы шығарылым)
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу