Басты бетке қайту

Альберт Гор

Альберт Гор (1948 жылы 13 наурызда туған), президент Билл Клинтонның демократиялық әкімшілігінде АҚШ-тың 45-ші вице-президенті (1993-2001) қызметін атқарды, американдық саясаткер және белсенді эколог.  

Альберт Гор, 2021 жыл 
Дереккөз: Britannica.com  

2000 жылы Гор Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне жалғыз кандидат болды да, сайлауда Джордж Буштан жеңіліп қалды.
2007 жылы Альберт Горға БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобымен бірге жаһандық жылыну туралы хабардарлықты арттыруға күш салғаны үшін Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді.
Бірнеше кітаптың авторы. Жаһандық жылыну мәселелеріне арналған «Ыңғайсыз шындық» (An Inconvenient Truth) кітабы үшін Quills әдеби сыйлығын жеңіп алды. Аталған кітап бойынша фильм түсіріліп,  «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Оскарға»  ие болды.

 

 

Дереккөз: 
Britannica.com  

Нұрсұлтан Назарбаев пен Альберт Гор 
1993 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Америка Құрама Штаттарының вице-президенті Альберт Гормен кездесті. 

А.Гор пен Н.Назарбаев, Қазақстандағы кездесу, 1993 жыл
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметтік шежіресі  

Келіссөзге қатысушылар тар және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан аумағында орналасқан ядролық қаруды бөлшектеу және кәдеге жарату, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудағы ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау, Арал теңізі мен бұрынғы Семей ядролық полигонына тікелей іргелес өңірлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. 


1994 жылы ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапары кезінде АҚШ вице-президенті Альберт Гормен және АҚШ Қорғаныс министрі Уильям Перримен келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық, техникалық ақпарат алмасу және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдерге, ядролық қауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға, қорғаныс және әскери қатынастар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арасындағы үшжақты келісім салалары, АҚШ пен Ресей Федерациясы «Инмарсат-3» жасанды жер серігін ұшыруға байланысты технологиялық кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды. 

Н. Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына сапары кезінде А. Гормен кездесуі, 1994 жыл 
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметтік шежіресі  

1997 жылғы маусымда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының жұмысы аясында Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының вице-президенті А. Гормен, Франция Республикасының Президенті Ж. Ширакпен, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В. С. Черномырдинмен, Украина президенті Л. Д. Кучмамен, Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Ф. Кардозомен, Аргентина Президенті К. Менеммен, Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Гок Чок Тонгпен екіжақты кездесулер өткізді. 

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының жұмысы аясында Н. Назарбаевтың А. Гормен кездесуі, 1997 жыл 
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметтік шежіресі  

1997 жылы қарашада Н. Назарбаев Америка Құрама Штаттарында ресми сапармен болды, онда осы елдің астанасы Вашингтон қаласында АҚШ вице-президенті А.Гормен кездесті. Келіссөздердің басты тақырыбы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері болды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық әріптестік жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына, сондай-ақ ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану, Қарашығанақ газ конденсаты кен орнын бірлесіп игеру және Солтүстік Каспий жобасының өнімдерін бөлу және т. б. салалардағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қойылды.

Н.Назарбаев пен А.Гор. Вашингтондағы кездесу, АҚШ, 1997 жыл
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметтік шежіресі  

1999 жылғы желтоқсанда Америка Құрама Штаттарына ресми сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ вице-президенті Альберт Гормен бірге тең төраға ретінде Вашингтон қаласында өткен Қазақстан-Америка бірлескен комиссиясының отырысына қатысты.
Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Альберт Гор шағын құрамда келіссөздер жүргізіп, комиссия жұмысының қорытындыларын, Қазақстан-Америка қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын талқылап, ХХІ ғасырдағы демократия мен экономика саласындағы ынтымақтастық туралы қорытынды құжатқа қол қойды. 

 

 

Дереккөздер:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметтік шежіресі 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметтік шежіресі 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу