Сроки проведения конкурса: 17.02.2025 – 15.03.2025
Премия «El Umiti» объявляет Республиканский конкурс видеороликов!
Байқаудың мақсаты – туған жердің (кіші отанның) табиғи, тарихи және мәдени мұрасын, сондай-ақ туған жердің дамуына үлес қосқан ұлттық батыр тұлғаларды насихаттау. Байқау жастардың шығармашылық белсенділігін қолдауға, олардың креативті ойлауын ынталандыруға және кіші отанның байлығын сақтау үшін жауапкершілік сезімін дамытуға бағытталған.
Қатысушыларға көрсетілген мерзім ішінде өз өңірінің көрнекі жерлері, оның ішінде туған жердің дамуына үлес қосқан ұлттық батыр тұлғалар туралы бейнеролик жасап, оны Instagram, YouTube, TikTok платформаларындағы жеке парақшасына #Елүміті_премиясы2025 хэштегімен жариялап, Ұйымдастырушының @el_umiti.kz парақшасын белгілеуі қажет.
Байқауға келесідей бейнероликтер ұсынылуы қажет:
Бейнероликті түсіру және монтаждау барысында ерекше идеялар, бірегей баяндау стилін және шығармашылық шешімдер көрсеткен қатысушылардың жұмыстары жоғары бағаланады.
Байқау нәтижелері 2025 жылғы 20 наурызда https://elumiti.kz/ сайтында және Байқау Ұйымдастырушысының @el_umiti.kz Instagram парақшасында жарияланады.